Жамбылда өртке қарсы түсіндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр

2022 жылы осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерінде 1204 датчиктері, оның ішінде 120 улы газ датчигі және 1084 табиғи газ датчигі орнатылды. 1 тамыздан бастап жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында ақпарат агенттіктерінің, облыстық телеарналардың қатысуымен 14 брифинг өткізілді. «Жамбыл» және «77 ТВ» телеарналарында күн сайын тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Жомарт Сәдірмеков айтты. Оның мәліметінше, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі тақырыбына 21 билборд және 3 баннер орнатылған. Сауда орталықтарында, ХҚКО-да және телевизиялық экрандарда, сондай-ақ «Авторадио FM»-де өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескерту ұйымдастырылды.
❗️ «Шалғайдағы елді мекендерде өртке қарсы күрес және оларды болдырмаудың ең басты шаралары туралы ақпаратты өрт сөндіру автомомбильдерінде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы шығу әдісімен жарияланды. Пәтер иелері кооперативтері өкілдері, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп халық арасында 150 жиын ұйымдастырылып 2755 тұрғынға кеңестер берілді. Аталған іс-шара барысында электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғындардың өртке қарсы нормалар мен тұрғын үй-жайларда жылу беру пештерін, газ баллон қондырғыларын орнату және ұстау кезіндегі талаптарды сақтау бойынша халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 13768 дана жадынамалар таратылды», — деді ол.
©️©️©️
✅ Жомарт Сағатбекұлы тұрғын үй ұйымдарының басшыларымен (пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері ұйымдары) көп пәтерлі тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2 оқыту семинары өткізілгенін атап өтті. Ағымдағы жылы облыс аумағында білім беру және әлеуметтік сала объектілерінде норманы бұзып орнатылған 21 ғимараттан (2 — спорт ұйымы, 2 –бала бақша, 2- дәрігерлік амбулатория, 15 – бастауыш мектеп) жылу қазандықтары қауіпсіз жерге көшірілді.
#ӨКҚ