Жамбыл облысының креативті әлеуеті тек дәстүрлі қолөнермен шектелмейді

 200 шаршы метрлік киіз туындысы Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енсе, бүгінде өңір креаторлары ұлттық мұраны жасанды интеллект, 3D-технология және vibe-coding сияқты заманауи құралдармен ұштастырып отыр. Осы әлеуетті танытқан «Creative Aimaq» жобасы аясындағы «Асқақ рухты Әулиеата» жәрмеңкесіне екі күнде 6 000 елорда тұрғыны мен қонағы қатысып, Жамбыл облысы креаторларының өнімдері 15 млн теңгеге сатылды. Келушілер қолөнер бұйымдарын, ұлттық кәдесыйларды, киіз бен табиғи материалдардан жасалған өнімдерді, авторлық аксессуарларды, кітаптар, суреттер мен сәндік бұйымдарды сатып алды.
Жәрмеңкеде AI негізіндегі «Зияткерлік және спорттық кофехана», Hermes Analytica цифрлық жүйесі, vibe-coding жобасы, ASPARA брендінің неофольклорлық топтамасы, AI көмегімен әзірленген қазақ ертегілері мен анимациялық фильмдер, инклюзивті кітаптар және 3D-технологиямен жасалған тактильді макеттер ұсынылды. Әулиеатаның креативті тынысы — дәстүр, технология және нақты экономикалық нәтиженің тоғысы.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19KVWsLHqE/