ШЫНЫМЕН БЕРІЛГІҢ КЕЛГЕН СӘТТЕ ОҚЫ…

1. Барлық нәрсе уақытша…
Толқын сияқты, кезең-кезеңімен…
Басталған нәрсе аяқталады…
Бұл қиын шақ та міндетті түрде өтеді…
2. Адам шегіне жетіп шаршаған кезде, оның ішкі күш-қуатының 40 пайызына да жетпеген болып шығады дейді…
Бойыңда әлі де орасан зор ішкі қуат бар…
Тек көзіңді жұмып, өзіңнің күшіңе сенуің керек…
3. Егер алға жылжып бара жатсаң, онда жеңіске жетіп жатырсың деген сөз…
Әрбір кішкентай қадамыңды, әрбір сүйемге ілгерілегеніңді іштей қуанышпен қабылда…
4. Өмірінің мәнін ұмытпаған адам үшін өмірдің әрбір сәті қиындықтарымен бірге мәнді әрі тәтті болады… Не үшін күресіп жүргеніңді, балаларыңа қандай тарих өнеге болып қалатынын есіңде сақта…
5. Бір қадам кейін шегінетін күн болса, үш қадам алға басатын күн де болады… Қателік жіберу деген жас болсын, кәрі болсын, іс тындырып жүрген кез келген адамда болатын заңды құбылыс… Ештеңе істемей отырған адам ғана қателеспей өмір сүреді…
6. Ештеңе өнбей, ісің тоқтап тұрса, назарыңды өзіңе аудар… «Атың тыңайғанда жорыққа шық» дегендей, бойыңа қуат жинауға көңіл бөл…
Бұл істің тоқырауы емес…
7. Қиын-қыстау сәттер достың сапасын танитын сәт…
Достарыңнан көмек сұра…
Жақындарыңа ішіңді босатып, жағдайды түсіндіріп, қолдау сұрай біл…
Бұл батылдықты талап ететін және эгоңды басу керек болатын сәт…
Басқасын айтпағанда, эгомызды басып үйренейікші…
8. Күлкіге қалатын, елеусіз қалатын сәттер де болуы мүмкін…
Өзіңе сенбей, үйден шыққың келмейтін де кездер болады…
Шын мәнінде, сен ойлағандай басқалар сен туралы қатты бас қатырмайды…
Ойлаған күннің өзінде тәулігіне 5 минут қана сөз етіп ұмытып кетеді…
9. Сені сынға алып, төмендеткісі келетін адамдар аз болмайды…
Олардың көбі өзінің арманынан бас тартып, іштей өкініп жүрген жандар екенін байқайсың…
Оны жүрегіңе жақын алудың мүлде керегі жоқ…
10. Өз әлеміңді тек өзің ғана құруың керек…
Бәрінен кейін шегініп, өзіңнің жайлылық аймағыңнан шықпасаң, үрейіңді жеңіп, еріншектігіңді еңсере алмасаң, өзгеріс жасай алмайсың және артқа кете бересің…
Амантай Тойшыбайұлы facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1BrE7BKPHi/