Жамбыл облысы цифрлық хабар тарату жүйесіне толықтай көшті.

Бүгін Жамбыл облысы аумағында аналогты хабар тарату өшіріліп, цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесі іске қосылды. Бүгіннен бастап шалғайдағы ауыл тұрғындары 15, ал Тараздықтар 26 отандық телеарнаны жоғары сапада тегін көруге мүмкіндік алды. Бұл мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, отандық арналардың хабар тарату үлесі мен сапасын артырады.Сандық эфир таратуға көшу “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы аясында, Елбасы тапсырмасына сай жүзеге асырылуда

.

Бүгінде облыста цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасын іске асыру толығымен аяқталды. 44 цифрлық таратқыштарды қосумен, 43 радиотелевизиялық станциялар салынды және жаңғыртылды. Бұл 377 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді, яғни облыс халқының 99,8% – ын құрайды.

Берік Уәли фб парақшасынан