Жалпақсаз ауылына барар жолдағы темір жол өткелі ашылды

Конституция күні қарсаңында Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Жалпақсаз ауылына барар жолдағы темір жол өткелінің ашылу салтанаты өтті.

Халық саны 469 адамды құрайтын Жалпақсаз ауылына барар жолдағы темір жол өткелі 1968 жылға дейін қызмет көрсеткен.

Сонымен қатар 2003 жылы ауданда орын алған «Зілзала» салдарын жою жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты 2003-2004 жылдары қолданысқа беріліп, кейіннен қайта жабылған. Ауыл тұрғындары Тасшолақ ауылы арқылы қатынап, 10 шақырымға дейін айналма жолды пайдалануға мәжбүр болған.

Теміржол өткелі ауыл белсенділерінің, мекеме басшыларының және кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен ашылып отыр.

Ауыл тұрғындарының сұранысы өткелді ашу үшін аудан әкімдігі тарапынан «Қырғыз темир жолу» компаниясына ресми хат қайырылып, ағымдағы жылдың шілде айында аталмыш компанияның вице-президенті Усубакунов Дастан Абдылдаевич бастаған делегация ауданға арнайы келіп, өткелдің ашылуына өз келісімдерін берген болатын.

Тұрар Рысқұлов ауданы