Жайдарман тобының белді ойыншыларын қабылдау

Бүгін «Престиж» жайдарман тобының белді ойыншылары Сержан Қошқаров пен Азамат Нұрлановты қабылдадым.
Жайдарманшылар Астана қаласында өткен республикалық «Маусымашар-2024» іріктеу ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық «Ұлттық» жайдарман лигасына жолдама алғандарын жеткізді.
✅️Сонымен қатар, жайдарманнан бөлек, өздерінің авторлық жобалары болып табылатын «uide» мәдени жастар қозғалысының «Uide Motion» концертіне шақыру қағазын табыстады.
✅️ Өңіріміздің осындай жайдарманшыларымен мақтана отырып, айтулы жетістіктерімен құттықтадым.
❗️Айта кетерлігі, «Uide Motion» концерті 16 ақпан күні сағат 17:00-де Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді.
🔥 Кіру тегін 🔥