«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарымен кездесу барысында әр жоба аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы талқылап, грант жеңімпаздарымен 1 жылға келісімшартқа отырдық. Жыл бойы грант аясында атқарылатын жұмыстар басқарма бақылауында болмақ.
Айта кетейік, грантты берудің мақсаты — талантты және талапты жастарды қолдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен стартаптары, ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау, жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету, жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету болып табылады.
Жомарт Зұлпыхар