Жұмақ исі аңқып тұрған Әлемім!

Жаным анам құдіретіңе жоқ талас,
Біздер үшін талай күйдің отқа рас.
Мың дүние айырбасқа берер ем,
Сендік жүрек болса шіркін, тоқтамас.
Ғұмырыңды гүлдей көркем ететін,
Қадіріңе қақым барма жететін?
Жалғыз түйген, білгенім бұл өмірде,
Сенің жаның — Менің Бақыт Бекетім.
Сен беретін жылулықта тым бөлек,
Мақтауларды айтар болсам түн керек.
Бар бақытым сенің аман жүргенің,
Бақытыма таласады кім демек.
Баласының кешірген көп әлегін,
Ана неткен мейірімді, пәк едің?
Аман жүрші жалғыз тілек мендегі,
Жұмақ исі аңқып тұрған Әлемім!

Талапхан Жұлдыз