Күлімдеудің жылылығында балқымайтын металл жоқ

Күлімдей алу екі дүниенің бақытына себеп болады.
Ислам діні – сүйіспеншілік, күлімдеген жүз, жылы сөз, дұрыстық және жақсылық діні.
Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек.
Жетістіктің сыры – күлімдеген жүз, жылы сөз және жақсы саясат. Жақсы саясат – бәрінің разы болуы деген сөз.
Дұшпандарыңа жақсылық жасаңдар, сыйлықтар беріңдер. Достарыңа ренжісеңдер, оған жақсылық жасаңдар, бір адамнан қысылсаңдар, оған күлімдеңдер. Осыларды істейтін болсаңдар рахат боласыңдар.
Бір адамның әулие екендігі жылы сөзі, жақсы мінезі, күлімдеген жүзі, жомарттығы, сөз таластырмауы, кешірімділігі және бәріне мейірімділік танытуы арқылы аңғарылады.
Жақсы мінезді адам – әдепті, аз сөйлейді, қателіктері аз, ғайбат айтпайды, Аллаһ үшін жақсы көреді, Аллаһ үшін жек көреді, аманатты сақтайды, көршілері мен достарын қорғайды. Жақсы мінезді бір кісіден жаман мінезді әйелімен қалай өмір сүріп жатқанын сұраған кезде: «Жақсы мінезді адаммен кез келген адам өмір сүре алады. Нағыз жетістік – жаман мінезді адаммен де өмір сүре білу. Оның жаман мінезіне сабыр етпейтін болсам, менің жақсы мінезді екенім қалай белгілі болады?» деді.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Мүмин бауырының жанында қабағын асып тұратын адамға періштелер лағнет етеді.» (Хатиб)
«Жақсылықты күлімдеп жүретін адамдардан сұраңдар.» (Бәйһақи)
«Мүмин бауырының бетіне күлімдеп қарау садақа болып табылады.» (Ж.Сағир)