Үмбетей жыраудың мол мұрасын зерттеуші.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында, елін жерін қорғаған, хан билер, белгілі ақын жыраулардың өмір тарихын кейінгі ұрпаққа зерделеп зерттеп жеткізу, патриоттық тәрбиені насихаттау үшін еңбектену бүгінгі күні біздің нақты мақсатымыз болмақ. Осы мақсатты орындау үшін Ерейментау ауданы Торғай ауылындағы орта мектептің директоры. Үмбетей жыраудың шөбересі, мұрасын зертеуші Жеңіс Атайұлы Бөдешовпен сұхбат құрған едік. Кейіпкеріміз ана тілінің, мем лекеттік тілде шығатын газеттердің бірден бір жанашыры. Ұлттық мүде үшін күресте, алда жүрген азамттардың бірі. Алдымен әңгіме иесінің өмір дерегіне қысқаша тоқталайық.

Жеңіс Атайұлы алғашқы қызметін Ерейментау ауданы Жаңатұрмыс 8 жылдық мектебінде ұстаздықтан бастаған.: Әкесі Атай Кәрісмағұл мен анасы Айтжамал Қожанқызы 50 толмай өмірден озып, жеті баланың үлкені 17 жасар Жеңіс ата, анасының аманатын арқалап, бауырларына әкеде, анада болуға тура келеді. Ең кішісі 2 жаста қалады. Жас Жеңістің басынан өткендері, көрген мехнаттары аз болмайды. Бұл дүние жалған. Жалған дүниеге келген соң, сынағына қарсы тұру әр адамның міндеті. Осы сынақтан жас жігіт сүрінбей өтті. Баурларын асырады сақтады, кәнігі ата анадай, ұлдарды ұяаға, қыздарды қияға қондырады. Өзіде үйленіп, отау құрып, отауы ордаға айналады. Жұмыстан қол үзбей жүріп ол Қарағанды университетінің тарих факультетін бітіреді. Бір орында Жаңатұрмыстың 8 жылдық мектебінде 5 жыл тапжылмай еңбек еткен жігіттің ісін аудандық оқу бөлімі бағалап, 1977 жылы Ерейментау ауданының Торғай орта мектебінің директорына тағайындайды. Жігерлі, бастамашы білікті жас директор1989 жылы аудандық, одан соң 1994-1999 жылдары Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланады. Халық қалаулысы болудың міндетті жеңіл болмайтынын белгілі. Ж.Бөдешовтың депутат болуы тәуелсіздік жылдарының басқы кезіне тап келгендіктен, әлеуметтік, саяси жағдайларда орасан қайшылықтарға ұшырайды. Әсіресе, ұлттық мағынасы бар көше, жер, су, елді мекендер атауларын өзгерту, қалпына келтіру, мемлекеттік тіл мәселелрі қозғалғанда қарсы болғандар қарасы аз болмапты. Бірақ, бұл жұмыстарды орындауға қайсар мінезді Жеңіс сияқты азаматтар білек сыбана кірісіп, даулы істерде өздерінің тектіліктерін, рухты мінездерін көрсетіп, Ақмола өңірінің бірсыпыра аудандары өзінің бұрынғы қазақи атауларын қайтарып алады. Ж.Бөдешовтың депутат ретінде белсене араласып, бастамшы топтың қайтпас қолдаушысы болып Көкшетау қаласын Ақмола облысының орталығы болғызуды қараған 1999 жылғы 06 сәуірдегі

облыстық мәслихаттың ХХIII сессиясының күн тәртібі, қарсыластар, дәлел айғақтар айтысқан тартыстар, бүгінде көз алдына. Ақмола облысының орталығы Көкшетау болуы кей шенеуніктердің жылы орындарын тастауына қиын болу, қара бастың қамын күйтеуінен туындап, бір қанша қайшылық туындайды. Осы кезде сылтау айтушыларға тосқауыл болып, Абылай орда тіккен,Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайларды қосып, Көкшенің атақтыларын тізбектеп, Көкшетау облыс орталығы болуға лайық дегенді, бір емес бірнеше мәрте қайталап айтқаны сөзі, Жеңістің бүгінге дейін, ойында сайрап тұр. Жеңіс Атайұлы Абылай орда тіккен Көкшетауды қайтадан облыс орталығы болғызу жолында осындай өжеттік танытып, киелі Көкшені қорғап қалған патриот. Ж.Бөдешов білім саласында 44 жыл ұстаздық еткен. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері.

Ханға дат, халыққа ақыл айтқан Үмбетей жырау.

-Жеңіс Атайұлы өмір дерегіңізбен таныстық. Тағдырды жазуы сізге оңай соқпаған екен. Өз ерік жігеріңіздің арқасында өсіп жетіліпсіз. Қалам тербеп өлең , тарих зертеп, мұрағаттар ақтарыпсыз. Алдымыздағы бабаңыз Үмбетау жырау және басқа белгілі адамдар жайлы жинаған жазба мұраларыңыз қомақты екен. Өкініштісі бәрін ақтарып танысуға уақыт шектеулі. Біз сізге сауал салсақ, сіз ойға түйгеніңізді ортаға салсаңыз.

— Үмбетей жыраудың ата, тегі өмір дерегіне қысқаша тоқталып өтсеңіз. — Бабам Абылай ханның таңдаулы жаужүрек үзеңгілестерінің бірі – Үмбетей жырау. Заманында төреден де, батыр мен биден де беті қайтпаған кісі. Қазақ даласындағы жоңғар-қалмақ шапқыншылығының ауыртпалығын түгелдей көрген ол соңынан біздің тарихымызға алтын әріппен жазылған асыл мұра қалдыра білді. Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылыдар шамасында Ерейментау өңірінде дүниеге келген. / Кей деректе 1706 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау өңірінде туған депті. Қайтыс болған жылыда екі бөлек екен. Д.Ш/ Тілеу қаһармандық жырлар, көне аңыз әңгімелер, жыр, қисаларды жатқа білетін зерек, халықтың ұлтық саз аспаптарын білсе, соның ішінде қобыз тартып, елге ақыл айтып абыз атанған екен. Міне, сегіз қырлы өнерлі, зерек ойлы әкесі Тілеуден Үмбетай көп нәрсені үйреніп, өлең шығарып, жыр жырлап жыраулыққа жетеді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ат жалында

жүріп, найзамен, қылышты, жалынды жырларымен қатар сермеген, ер жүрек батыр. Үмбетей, Бұхар жыраудың замандасы, әрі силас досы болыпты. Үмбетей жырау, яғни біз арғын, қанжығалы ішінде жолымбетпіз. Жыраудан : Әтебек, Батырбек, Белденжана, Боқан. Белденжанадан – Бұйра, Бұйрадан – Жүзбай, Жүзбайдан – Кәрісмағұл, Кәрісмағұлдан – Атай, Атайдан – Жеңіс, Мэлс, Қуат туады. Ұрпақтарын түгендеп шығуға, уақыт созылып , газет мүмкіндігі жетпес. Ұрпақтары негізінен Ерейментау ауданының ауылдарында тұрады. Жырау 1778 жылы Ерейментау ауданы жерінде дүниеден өткен.

Ерейментау ауданының орталығындағы Үмбетей ескерткіші.

-Сіз өзіңіз қалам тербеген сөз шебері жазушы, ақынсыз. Ақындық жайында хабарыңыз мол. Үмбетей жыраудың поэзиясы жайына аз тоқталсаңыз .

— Үмбетей жырау қаһармандық жырларды, аңыздар мен шешендік сөздерге жеттік, көкірегі ояу ақын әрі шежіреші, саз аспаптарын шебер меңгерген қобызшы болған. Cонымен бірге сәуегей абыз адам болғандығы туралы көптеген деректерде айтылады.

Жыраудың өмірі жаугершілік, жорықтармен өтті. Толғауларының көбі батырлыққа, жорыққа байланысты. Жыраудың өлең-жырларын ұрпақтары,

белгілі ақындар жинап, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тапсырып «Бес ғасыр жырлайды» жинаққа енгізген. Осы игі іске Аманжол Әлжанұлы көп еңбек сіңірді. Үмбетейдің жырларының сөзі нақта, нық, кімнен болсада тайсалмай айтатын турашылдығы. Хандарға, би-сұлтандарға айтқан сөздері, тарихи оқиғаларды жырлаған жырларынан білеміз. Үмбетей Бөгенбай батырға, басқа батырларға, тіпті Абылай ханға да ойын жырмен тура айтқан. Мысалы: — Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тыңдамай. Талай істер басыңнан. Өтіп еді-ау жасыңнан. Қиын, қызық әрбір жай. Жиырмаға жасың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда, Алғашқы бақты тапқанда, Шарыштың басын қаққанда. Қанжығаңа бас байлап. Жау қашты деп айғайлап. Абылайлап шапқанда… Ұмыттың ба соны, Абылай?!. Аруағыңа болысқан. Әділ билік қылысқан. Қашпаған қандай ұрыстан, Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай . Абылай, сенің тұсыңда, Сол бесеуі болып-ай!…- деп, ханды сабырға шақырып, жаман істен сақтандыратын болған.

-Үмбетей жыраудың батырлығы жайлы жазылған дерек барма.

— Әрине бар. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» дастанында мынандай шумақтармен атап өтеді.

Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр

Айтайын өрлеп барып аспанға сыр. Осындағы Қарабұжыр Үмбетейдің лақап аты.

-Жыраудың әділдігі, ерегескенді елдестірген, ерлігі,мен шешендігі жайлы жазыпсыз.

— Ол былай болған. Абылай ханмен Қазбек бидің ұлы Бекболаттың арасында үлкен дау болады. Атыс шабысқа ұласа жаздайды. Осы кезде сөзін салмақтап, нақыл сөздің хас шебері, қара қылды қақ жара отырып, тоқтау айтып, екі жақты сабырға жақырып, елдің бірлігін сақтап қалады. Әділдігі жайна келсек. Жыраудың Жауқашар деген туысының 9 ұлы барымта жасап, біреудің үйірге түсіп жүрген бураны сойып тастайды. Осы бұзақыларды дау шарда Үмбетейдің ағасы Бәке жақтамақ болады. Жырау сонда.

Дін пұсырман баласы. Адамдықтан жерімес. Тіл пұсырман қарашы. Адамдықтан шегінбес. Дәнікесін бұл шіркін. Адал бір дән жегізбес….. Ұл онбестен асқан соң. Тіл алмаса доңызың. Не бетіңмен қорғайсың. Жауқашардың тоғызын- деп, ағасын тоқтатқан екен. Жесір дауымен келген Найман батырлары Ақтамбердімен Қабанбайғад амірдің оғындай тура сөз айтып әділдік айтқан. Онда: Ей Ақтанберді,Қабанбай! Суытпа босқа түсіңді. Қайрама онша тісіңді. Сырт тазасы не керек. Тазарт әуелі ішіңді… деп, жөн айтып тоқтатыпты.

* Үмбетей жыраудың туған жылы, жері және қайтқан жылы жайлы әртүрлі жазылып жүр екен.

* Иә, солай болып тұр. Әр кім өзінше жазып жүр. Оны нақтылауға тырысып жатырмыз. Осыдан туындап Үмбетейдің туған, қайтқан жылдарын емес, басқада қырларын толық зертеуді қажет етеді.

* — Үмбетей жырау жайлы айта берсе тарих, әңгіме көп. Айтыла береді. Әрі батыр, әрі жырауды ұлықтау жайлы қандай шара жасалды.

-Үмбетейдің отты жырлары – бүгінгі жас буынды патриоттыққа баулып, ұлттың рухын көтеретін рухани қазына. Қазіргі таңда Ерейментауда

Үмбетей жырау атында көше, ескерткіш және аудандық мәдениет үйі бар. Онда қалалық және аудандық мектептер мен мекемелердің іс-шаралары мен шығармашылық байқаулары өткізіліп, жырау атындағы мәдениет үйі халықтың игілігіне айналған

 

Сұхбатты жүргізген Дахан Шөкшир.