ҰЯТ ПЕН ОБАЛДЫ БІЛМЕЙТІН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ..
Қазір қоғамда айтуға ауыз бармайтын, бұрын-соңды болмаған қылмыстар жасалып жатыр.
Ең қорқыныштысы – жыл өткен сайын олардың саны көбейіп бара жатқаны.
Бұрын мұндай жауыздықты естімеп едік.
Ертең тағы не боларын кім біледі?..
Сонда мәселе қайда жатыр?
Бүгінгі күні тілі шықпаған сәбиге жылағанда ұялы телефон берсек, ол бірден тынышталады.
Ал оқушы балалар күні-түні телефонға телміріп отыр.
Не көріп жатқанын білмейміз…
Барып қарасаң – бір-бірін өлтіріп, қорлап жатқан ойындар.
Бұл – шетелдік шабуылы
Бізге бірде-бір оқ атпай-ақ, мультфильм мен ойын арқылы ұлттың санасын улап барады.
«Бала жыламаса болды, тыныш отырса болды» деп қолына телефон ұстата саламыз.
Сонда не істеу керек?
Ұлттық ойындардың негізінде қазақы ойындар жасау қажет.
Мультфильмнің мақсаты тек көңіл көтеру емес. Ол баланың санасына кішкентайынан:
деген ұғымдарды сіңіруі керек.
Біз мұны бүгін бастамасақ, ертең кеш болуы мүмкін.
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген дана сөз бар.
Баланың тілі қазақша мультфильммен шығуы керек.
Балабақшадағы сәбилердің санасына ұлттық тәрбиені мультфильм арқылы сіңіруіміз қажет.
Бұл – тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттің де басты міндеті.
Ұрпағының ертеңін ойламаған елдің болашағы бұлыңғыр болады.
Ертең кеш қаламыз бігіннен бастау қажет.
Сіз не дейсіз көзі ашық, санасы ояу оқырмандарым.
Жәнібек Қожық
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы,
Онды ауылы
12.03.2026 жыл
Жәнібек Қожық Фейзбук парақшасынан алынды

