Ұмытылмауға тиісті адамдар

Өмірде сан алуан адамға жолығасыз. Кейде дұшпаныңызға, кейде алғашқы махаббатыңызға. Ең бастысы адам өзін жеңе білу керек. Оларға деген ілтипатың сені қуанышқа бөлейтін болады.
Шын сүйетін адамыңызға жолыққанда, бірге болуға талпыныңыз. Одан айрылып қалған кезіңізде бәрі де кеш болады.
Сенімді досыңызға жолыққанда, ыстық ықыласпен сырласыңыз. Өйткені, бұл өмірде шын сырлас жанды табу қиын.
Қастерлейтін адамыңызға жолыққанда, оған тамаша әсер қалдыруға тырысыңыз. Өйткені, ол сізді басқа өмірге бастауы мүмкін.
Алғашқы махаббатыңызға жолыққанда, оған ыстық ықыласыңызды білдіріңіз. Өйткені, ол сізге сүюді үйреткен адам.
Дұшпаныңызға жолыққанда, жылы шыраймен амандасыңыз, өйткені, ол сізді тіпті де жігерлендіре түседі.
Өзіңізге опасыздық жасаған адамға жолыққанда, онымен шешіле әңгімелесіңіз. Өйткені, ол болмағанда бұл өмірдің қараңғы тұстарын сезбеген болар едіңіз.
Іштей ұнатқан адамға жолыққанда, бақыт тілеңіз. Өйткені, сіз бақытты етуге орай болмаған адам өзге біреуден бақыт тапсын.
Ренжіскен адаммен жолыққаныңызда, арадағы түйінді тез шешуге талпыныңыз. Өйткені, қателік сізден болуы әбден мүмкін.
Өмірлік жарыңызға үнемі қалтықсыз сүйіспеншілігіңізді арнап тұрыңыз. Өйткені, ендігі ыстығыңызға күйетін, суығыңызға тоңатын жалғыз адам сол ғана.