“ Ұлы Даланың ұлтаралық тілі” ашық алаңы
“МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ” жобасын іске асыру аясында мемлекеттік тілді ілгерлету, қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ- нің ұйымдастыруымен “ Ұлы Даланың ұлтаралық тілі” ашық алаңы облыстық форумы өткізілді.
Онда облысымыздың барлық өңірінен қазақ тілін еркін меңгерген түрлі этнос өкілдерінің жастары өздерінің тіл үйрену тәжірибесін бөлісіп, қатысушылар “Менің қазақ тіліне жету жолым”, “Қазақ тілін қалай үйрендім?”, “Мемлекеттік тіл — әлеуметтік баспалдақ, қызметтік жетістік” талқылау сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, тілдің рөлін күшейтуге атсалысып барған ауданымыздың тіл жанашыры, “ Кафосфат ЖШС- ның филиалы “ Қаратау” тау- кен өңдейтін комплексінің орталық байыту фабрикасының операторы Балабина Анастасия Александровнаға лента тағылып “ ТІЛ ЖАНАШЫРЫ” белгісімен марапатталды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

