«ҰЛТТЫҚ-САНАҚ-2021» АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Қазір технологияның дамыған кезі. Орта Азия бойынша Қазақстан Республикасы алғашқы болып жаңа технологиялық әдіспен санақ жүргізіп жатыр.

Ұлттық халық санағы биыл «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұранымен ұйымдастырылады. Санақты екі кезеңмен өткізу жоспарда. Біріншісі – дайындық, екіншісі – негізгі.

Тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың тізімдерін, сондай-ақ, ондағы тұрғындарды нақтылауға дайындық кезеңі 2021 жылдың 1-30 маусым аралығында өтті.  Т.Рысқұлов ауданы бойынша Ұлттық халық санағының 1 кезеңінде 12 интервьюер, 2 нұсқаушы-бақылаушы, 4 нұсқаушы, барлығы 18 жұмысшы қамтылған. Және 21 арнайы планшет жеткізілген. Интернеттің сапасы кейбір ауылдарда нашар, кейбір ауылдарда мүлде болмағанына қарамастан барлық интервьюерлер өздеріне жүктелген жұмысты абыроймен атқарып, алғашқы кезеңді сәтті аяқтаған.

Қазіргі таңда Ұлттық санақтың негізгі кезеңіне дайындықта қызу. Аудан бойынша 78 учаскесін картаға түсіріп, 2 кезеңге барлығы 78 интервьюер санақшылар мен 12 нұсқаушы бақылаушыны қамту жоспарланып отыр.

Айта кететіні, 2021 жылғы ұлттық санақ 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Санаққа қатысуды дәстүрлі түрде де (яғни ауланы аралау арқылы), сондай-ақ онлайн (интернет арқылы sanaq.gov.kz  сайтында ЭЦҚ көмегімен) қабылдауға болады. Қазақстандықтар өздері үшін ыңғайлы әдісті таңдайды. Интернет-сауалнама санақ басталған кезден бастап 15 күнге жалғасады. Санақ кезінде азаматтар 87 сұраққа жауап беруі керек.

2009 жылғы ұлттық санақпен салыстырғанда көші-қон, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл меңгеру мәселелері кеңейтілді. Сондай-ақ, мүгедектік мәселелеріне назар аударылатын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар бірыңғай call-орталықтың 1446 нөміріне ұялы және стационарлық телефондардан хабарласа алады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін.