ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН АТСАЛЫСТЫ

Бүгін «Сарыкемер—Диқан» бағытындағы автожолдың бойында орналасқан «Байзақ ауданының 80 жылдығы» атындағы саябақта өткізілген сенбілікке бөлім, мекеме қызметкерлері ұйымшылдықпен атсалысты.

Сенбілік барысында арық—атыздар тазаланып, суару жүйесі қалыпқа келтіріліп, арамшөптер сыртқа шығарылды.

Аталмыш шараға Сарыкемер ауылдық округі әкімшілігі мен аудан әкімдігі тұрғын үй—коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болды.