Бұл өмірде бәрі де құпия, бірақ бәрі де біледі….

Кейде байқап отырсаң, сен сүріп жатқан өмір өтіп жатыр екен ау. Және де тез. Адамдар да қызық. Шамалы бір ақшасын жоғалтып алса апысы кіріп,күпісі шығады.
Ал ,біз өміріміздің әрбір секундын жоғалтып жатырмыз. Оны ойланбаймыз.
******
Бүкіл әлем—— театр. Ал біз жай ғана актер ретіндеміз. Әркім өзінің ролін ойнайды.
Тарихқа үңілсек, ғасырдан ғасырға дейін осы театрдағы актерлер сол баяғы бар пьесаны ойнайды екен . Тек қана костюмдерін өзгертеді де сол баяғы пьеса
Баяғы жартас бір жартас демекші….
Сол пьесаның сюжеті:, билікпен, қумарлыкпен, ашкөздікпен күресіп, бәріне бостандық , теңшілік ,бақыт деген нәрсемен көмкерілген. Тек соның аяғы террор мен концлагерлермен, миллиондаған адамдардың қан төгісімен аяқталады.
******
Адамдар тек киімдерін заманға сай өзгеткені болмаса,, сол баяғы ішкі дүниесі өзгермеген. Ашкөздік, бос әурешілік, билік құмарлық әлемді басқарып келген,әлі де баскарып келеді. Қазіргі кезде дамып келе жатқан алып технологиялык мунаранын қасында адамгершілік деген ,жәй ғана бір көзге түсе бермейтін төмпешік қой. Осыған қарап ақ, болашақтан жаксы нәрсе күтудің өзы бос әурешілік. Қайғы қасірет. Осы жерде ,өз ойымды қосып жіберейінші,әсіресе біздің Қазақстан.
*******
Африканың бір аймағында ,жолбарысты аулау үшін көптеген шәңкілдеген жаман иттермен аңға шығады екен Олар жан жақтан шәңкілдеп,қыңсылап үрген кезде арыстан өліп қалады екен. Жооқ, қорыққаннан емес, жиіркенгеннен. Жиіркеніштен де жүрек жарылады дейді. Бізде де арыстан өлгеннен кейін оның батырлығын дәріптейміз. Өлгеннен кейін….
*****
Менің теориям бойынша , бәрінен шаршаған адамда ашу деген болмайды. Оның бет әлпетінде ашудың ізі де болмайды. Қатты шаршағандықтың белгісі ол ашық та тыныштықты аңсайтын адамның бет бейнесін көрсетеді.
******
Менің өз пікірім де бар. Мен сізге жау да емеспін, я болмаса есі ауысқан да емеспін
Бұл жәй ғана менің пікірім.
*******
Таңертең тұрған сәттен бастап біз бакытты екенімізді сезінуіміз керек. Өйткені бізге өмір сүру мүмкіншілігін берді. Адам болып…. Ал егер бізге, таудың я болмаса ағаштың я болмаса малдың өмірін берсе, не істер едіңіздер? Адам боп келіп өмірге,адам боп кету парыз ғой.( Бұл енді өзімнің ойым)
**** Бұл өмірде бәрі де құпия, бірақ бәрі де біледі….
Аударма.