ТУЫСҚАННЫҢ АҚЫСЫ…….
Адам туыспау керек, бір туғанмын- дедің бе? Онда сөз қуыспау керек. Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде. Қамшы тисе, сен көкпарыға келдің бе? Әлде дойбы ойнауға келдің бе?
Бауырыңның шаңырағына келген екенсің, онда асын ішіп, төсегін тілме. Төсекте басы, төскейде малы қосылған елміз. Қыз алып, қыз берген құда-жегжатпыз.
Ойында әділетсіздік болса, болған шығар төрешілер де періште емес, пенде ғой, қанына тартқан болар. Шаңырағым-деп бауырына бүйрегін бұрса, бұрған шығар. Өз елінде өткізсе, оны әркім жасайды.
Туысқанның ақысы, жамандығын жасырып, жақсылығын асырады. Қатесін кешіреді, әділетсіздігін санасынан өшіреді. Ол сонысымен туысқан.
Айдай әлемге абыройыңды шашып, артыңды ашқан, ағайындыққа жатпайды бауырлар. Мына майдаланып кеткен заманда, ірі болып үйренейік.
Бауыры атқа шапса, тақымын қысқан бір туған емес пе едік? Қаңқу сөздер сүттей ұйып отырған екі елдің ауызбіршілігіне сызат түсірмесін.
“Қапиямды аңдығандар қапсыра құшақтаған болып, қабырғамды санады”- демей ме? Атам қазақ.
Ойыннан от шығады. Екі елдің қапиясын аңдып отырғандар, ағайындардың ортасына жік салмасын.
Көкпар деген не тәйірі, “Атасының құнын кешкен”, бір туған бауырға, ренжуге болмайды, айыр қалпақ ағайын………
МАҚСАТ СҚАҚОВ.