ТҮРКІСТАН: РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон құю жұмыстары 85%-ға орындалған. Құрылыс алаңында 140 жұмысшы және 13 техника жұмылдырылған.