САҚТЫҚ ПЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Өйткені, дерт өршіп барады. Аурудың таралу ауқымы артпаса кемитін емес. Сондықтан сақтық шараларын сақтамасақ болмайды. Бүгінде байқап жүрміз көпшіліктің көшеде маскасыз жүргенін жиі байқаймыз. Кеселмен күресуде: талап пен төзім жеңіске жететіні белгілі. Қалада қалай болса солай жүру карантин режимін соза түсетіні белгілі. Бүгінгі күнге бұл дертті елімізде 14 809 адам жұқтырды. 9 241 адам аурудан айыққандар саналса, ажал құшқандары 77. Карантин кіргелі Жамбыл облысында 491 адам жұқтырған болса, жазылып шыққандары – 313. (Бір адам бақилық болды.)
Бүгінгі күні: Көрші Ресейде де жағдай мәз емес. 538 016 адамнан ауру анықталды. Алашапанды ағайын атайтын өзбек елінде 5 103 болса, айыр қалпақты ауылдасымызда ауру жұқтырғандар 2 372.

Елмен етене жұмыс жасап жүрген атқа мінген азаматтарымыз да ауру жұқтырып жатыр. Бұл деген бұқарамен тығыз жұмыс жасау кезінде болған, жұқтырған деректер. Олардың да отбасы, бауырлары мен бала-шағасы бар. Оларға отбасынан оқшауланып, тірлігін тоқтатып, кейбіреулеріңіз ойлағандай «жалған ауру» жұқтырған керек пе? Мемлекеттік маңызды жұмыстарды орындау кезінде коронавирус кеселін жұқтыруда. Тұрғындармен тікелей жұмыс кезінде, жұмыс сапарлары кезінде жұқтырды десек жалған айтқанымыз емес. Сондықтан сырқат барына сенбеймін деу бос әуре, бекершілік. Ең әуелі – басыңызды бәйгеге тігу. Айналаңызға қауіп төндіру.

КЕСЕЛГЕ КҮДІКПЕН ҚАРАП, КҮЛКІГЕ АЙНАЛДЫРЫП АЛДЫҚ

Жаһанды жайлаған жұқпаның көрсеткіші күн санап көбейсе де, оны ойынға айналдырып, ойдан шығарылған деп жүргендер де жетеді. Оларды біреудің өміріне бей-жай қарайтындар деп білемін. Тіпті өз тағдырына да алаңдамайтындар деп айтуға болады. Осылай жүріп, біреуге жұқтыратындарын да білмейді. Білсе де күдікпен қарайды. Логика қайда? Құрметті желідегі ағайын ауру ауқымы жалғаса берсе ел экономикасы еңсесін көтере алмай қалуы мүмкін. Және осы ауруды ойдан шығарып, қаржылық қиындықты қолдан жасау кімге керек дейсіз? Бүкіл әлем ақымақ , сенбей жүрген сіз ақылдысыз ба ? Мәселен, Жамбыл облысында Төтенше жағдай жарияланған кейінгі жағдайды айтсам. Облыс бойынша 2400-ден астам шағын және орта бизнес тоқтады. Яғни 50 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Қазір кәсіпкерлер халыққа қажетті өнімдерін ұсыну үшін және қаржылық ауыртпалықтан арылу үшін санитарлық ережеге сай жұмыс жүргізіп жатыр. Айтарым ережені сақтауда – қатаңдық қажет. Бостық пен болбырлық – ауру ауқымын кеңейтіп, ауырғандар санын көбейте бермек. Олай болса еркін жүрісімізді шідерлейтін шектеу шаралары жалғаса бермек. Сол бізге керек па? Ойланайық! Ойланғаннан кейін әрекетіміз бен жүрісімізді жөнге келтірейік. Ауруды бірге жеңуге бел буайық.

(с). Балабек Нарбаев, “Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары