ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ
Аталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпауды мақсат ететіндіктерін айтады.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің көмегіне алғысым шексіз. Осындай қиын- қыстау сәтте көмек көрсеткен баршасының дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Жақсылықтары Алладан қайтсын!»,- дейді Шұбарсу ауылының тұрғыны, көп балалы ана Қ.Ешбаева.
«Елімізде өтіп жатқан «Біз біргеміз!» қайырымдылық іс- шарасын Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ұжымы қолдап, аудан көлеміндегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, өз көмегімізді көрсеттік. Мұндай қолдау көрсету шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады», — дейді аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Қуашбаев.
Көмек алған отбасылар полцейлерге ізгі тілектерін білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыс айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі