Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағы ашылады

Бүгінде еліміздің ғана емес, күллі әлемнің назарын аударған Түркістанда тағы бір саябақ ашылмақ. Киелі шаһарда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Өңір басшысы құрылыс барысын қадағалады. «Жоба жоспарға сай жүзеге асырылуы керек. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да сапалы атқарылсын. Қатаң қадағалауда болады» дей келе, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді.

Жалпы саябақ аумағына 20,2 гектар жер бөлінген. Онда Рәміздер алаңы, аллея салынып, жан-жағы жайқалған бақпен қоршалады. 12 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылса, қатты жабындылар алаңы 32 мың шаршы метрден асады. 800-ге жуық автокөлік сиятын автотұрақпен қамтылады. Аталған аумақта 20 мың адамның қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қарастырылады.

Жалпы Түркістан қаласында жалпы саны жүзге жуық саябақ пен аллея бар. Алдағы уақытта бірнеше саябақ құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек. Бұл дегеніміз облыс орталығына айналған туристік шаһардың көркін арттырып, көркейте түспек.