Түркістанда әділдік пен бірлікке бастайтын дөңгелек үстел өтті
Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын таныстыру мақсатында кітапхана мамандарына арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл тарихи құжат еліміздің қоғамдық-саяси дамуының жаңа кезеңін айқындап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Іс-шара барысында кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы жаңа Конституцияда енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы мен оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін кеңінен түсіндірді. Дөңгелек үстелдің спикері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сайлаухан Жоланов жаңа Конституцияның тарихи маңызы, елдің қоғамдық-саяси дамуындағы орны және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар қатысушылармен еркін пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты жаңашыл нормалар талқыланды.

