Түркістан жастарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді
Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің NEET бөлімінің мамандары Қайқыбаева Мереке мен Мәжитова Несібелі Отырар секторында жастармен кездесіп, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылып, «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Серпін» және өзге де мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары мен қажетті құжаттар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара аясында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жұмыспен қамтылу және кәсіби даму бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


