«Түркістан қамқорлық мекені» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр

Киелі шаһарда «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында бастау алған «Түркістан қамқорлық мекені» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр. Акцияның негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тұрмыстық, әлеуметтік және моральдық қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына қолайлы жағдай жасау. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген құрмет пен жанашырлықты насихаттап, қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру көзделген.

Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өтетін игі шара арнайы әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп тұрақты түрде өткізіліп келеді дейді мамандар. Акцияға Түркістан қаласындағы «Болашақ» колледжінің студенттік Ассамблея мүшелері белсенді қатысуда. Іс-шара аясында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенін арнайы көлікпен аралап, Тұңғыш Президент саябағында колледж жастарының қатысуымен табиғат аясында кездесу өткізді. Мейірім мен қамқорлықты, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.