ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түстен кейін Қошқарата ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, мұнда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрдім. Атап айтқанда, бірінші кезекте округке қарасты Ақтасты ауылындағы бастауыш мектептің жай-күйімен таныса келе, ауылда салынған жаңа ғимаратпен таныстым. Жеке кәсіпкер Нұрсұлтан Түменбаевтың басшылығымен жүргізілген жаңа ғимараттың аумағы 372 шаршы метрді құрайды.

Округтің орталығы Қошқарата ауылындағы нысандармен танысып, келесі кезекте Қызтоған ауылына барып, ауыл мектебі және медициналық пункттің жұмысымен таныстым. Айта кету керек, ауылдық медпункттің ғимараты апатты деп танылған. Жаңа ғимарат соғуды қажет етеді.

Кездесуде ауыл тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті мекме басшыларымен бірге жауап беріп, кейбір мәселелердің шешімі тиісінше, ауыл тұрғындарының ауызбіршілігіне байланысты екенін, сондай-ақ, таулы өңірдегі ауылдардың қаймағын бұзбай, береке-бірлігін арттыру қажеттігі айтылды.

Жалғас Мұртаза, Жуалы ауданының әкімі