Тоғызкентте Сапақ датқа ескерткіші ашылды

Бүгін Тоғызкент ауылында қазақтың айтулы шешен биі, әрі батыры Сапақ датқаның еңселі ескерткіші ашылды.

Тарихи ескерткіштің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиынның ашылу рәсімінде жоғарыда аты аталған ел тұтқасын ұстаған азаматтар сөз алып, тарихта аты қалған тұлғаның топ ішінде тауып айтқан қанатты сөздерінен мысал келтіріп, ел есінде қалған ерліктері жайлы кеңірек баяндады.

Жиынды қорытындылаған Сапақ датқаның ұрпағы, ескерткіштің бас демеушісі Аманкелді Зауырбеков қолдау білдіріп келген барша азаматтарға алғыс айтып, баба әруағына ас беріп, Құран бағыштады.

Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі