Тез барып көршіңнен кешірім сұра…

Бiр мұсылман отбасының отағасына көршiсi келiп, сол үйдiң 5-6 жасар баласының үстiнен шағым айтады.

— Сiздiң балаңыз күнде үйiмiзге келiп, айран құюлы местi бiзбен тесiп, ұрлап iшiп жүр, — дейдi. Мұны естiген отағасы қатты ұялады. Баласына айтып, қойғыза алмайды.

Әйелi екеуi: «Баламызды тәрбиелеуде қай жерден қате жiбердiк?» деп ойлана бастайды. Ойлана келе әйелi:

— Мен баяғыда екiқабат кезiмде көршiнiң үйiне барып, дастарқанда тұрған апельсиндi көрiп, жеуге қатты құмартып едiм. Бiрақ ол өзi «же» деп айтпағандықтан, сұрауға ұялдым. Көршiм тысқа шығып кеткенде, түйреуiшiммен тесiп-тесiп, екi-үш рет сорып алдым. Баламызда пайда болған әдет — соның нәтижесi болса керек, — дейдi. Сонда күйеуi:

— Е, мiне, мәселе қайда жатыр?! Тез барып көршiңнен сол iсiң үшiн кешiрiм сұра да, Алла Тағалаға тәубе етiп, екi рәкәт намаз оқы. Бәлкiм, сонда баламыз түзелер, — дептi. Айтқанындай-ақ аз уақытта бала жаман әдетiн тастап, ата-анасының көңiлi орнына түсiптi.

Дайындаған : Амантай   Тойшыбайұлы