«Ұлы Дала ауылы – ұлт қазынасы» экспедициясы – Қостанай облысында

ЕГІНІН ОРЫП, МАЛЫН ҚОРЫП, ҚЫСҚА САҚАДАЙ САЙ ОТЫР — ҚОСТАНАЙ

Биыл да Тобыл өңірі үшін табысты, ырысты жыл болды. Солтүстіктегі ірі астықты аймақ күзгі орақ науқанын ауа-райының сан құбылғанына қарамастан аяқтады. Күн райы күзде ғана мінез танытқан жоқ. Жаз айларында, әсіресе, шілдеде толассыз жауған жаңбырдан болған шамадан тыс ылғал мен тамыздағы аптап ыстық өңірдің солтүстік және орталық аудандарына айтарлықтай әсер етті.

Бірақ осыған қарамастан, шаруалар бар күшін жұмсап, бидай мен дәнді, майлы дақылын қазан айынан қалдырмай жинап отыр. Биыл облысымыз 5,6 миллион тонна астық алды. Бұл – республика астығының төрттен бірі. Гектарынан орташа 13,3 центнерден айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай аймағына жасаған сапарында өңірдің диқандарына ең жоғары баға беріп кетуі де бекер емес.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына халықаралық «Қазақстан-Заман» газеті, «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен «Ұлы Дала ауылы – ұлт қазынасы» экспедициясы қазыналы Тобыл-Торғай өңіріне келген сапарында осы және елдегі басқа да жағымды жаңалықтарға қанық болды.

%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d2%9b%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83%d1%8b

Экспедиция мүшелері – газетіміздің Бас директорының бірінші орынбасары, қоғам қайраткері, «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-саяси, танымдық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы, газетіміздің бас редакторы, жазушы-журналист Ертай Айғалиұлы, және Қостанай облысындағы тілші Қыдырбек Қиысханұлы болды. Бұл Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлескен экспедицияның аялдаған 12-ші облыс екенін айта кетейік.

Газетіміздің талай жылдан бері ауыл мәселесін көтеріп келе жатқаны елге аян. Елбасы саясатын дәріптеп, мемлекеттің даму стратегиясын қолдап келе жатқан экспедиция облыстардың ең түкпіріндегі ауылдарға дейін барып, тұрғындардың жағдайын, ауыл азаматтарының еңбегін, халықтың жанайқайын барынша бүге-шігесіне дейін жеткізумен келеді.

Сапаршыларды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жеке қабылдап, өңірдің ахуалын, әлеуметтік-экономикалық салалардағы даму көрсеткіштері, әсіресе, ауыл шаруашылығы секторындағы жетістіктер мен түйткілдер жайында сөз қозғалып, емен-жарқын әңгіме болды.

Мемлекеттің зор қолдауына ие болып отырмыз

Биыл агроөнеркәсіп кешені салалары үкімет тарапынан пайызсыз несиеге қол жеткізген. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы «Тобыл» ӘКК кепіл болумен облысымызда көктемгі егістік пен күзгі орақ науқандарына 6,2 млдр. Теңге жеңілдетілген несие бөлінген. Бұған қоса, мемлекет тарапынан 152 тың тонна жеңілдетілген жанармай жеткізіліп, шаруалар 2 млрд. теңгеден астам қаражатты үнемдеп отыр.

 Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

Бүгінгі таңда 1063 кәсіпорын мал шаруашылығымен айналысуда. Оларға ет пен сүт өндірудің 30% тиесілі. Өндірістік сектордағы ірі қара малдың саны соңғы 3 жылда 1,5 есеге артты. Биыл бағытты трансферттердің жалпы көлемі былтырғы жылғыға қарағанда, 5 млрд. теңгеге өсіп, 23 млрд. теңгеге жетті. Тек өсімдік саласын субсидиялауға 11,4 млрд. теңге жұмсалды. Тәуелсіздік алған жылдан бері өңіріміздің ауыл шаруашылық саласы 23 мың техникамен жаңарған. Ал тек биыл 1200 дана техника жаңадан сатып алынды. Осы мақсатқа 15 млрд. теңге жұмсалды. Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылық машиналарын тікелей сатып алушы шаруалардың шығынын субсидиялау бағдарламасы енгізілмек. Аймағымызда көкөніс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Тек өткен жылғыға қарағанда, биыл бұл салада 12% өсім бар және 21 мың тоннадан астам өнім жиналды, ал картоп өсіру көлемі 16% артып,  мың тоннаны құрады. Бұның өзі өңіріміздегі ең кең тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне тосқауыл болатыны анық.

dscn1489

            Аймағымыздың индустриялық өміріне ауыл шаруашылық техникалары мен қосалқы бөлшектерін шығарып, тораптар мен агрегаттарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп отырған машина жасау кәсіпорындарының қосып отырған үлесі ауқымды. Қазіргі таңда облысымыздағы «Агромашхолдинг» АҚ шаруышылықтарға жаңадан тиімді ұсыныс жасап отыр екен. Мәселен, кез келген ескі комбайныңызды отандық «Есіл-740» және «Есіл-760» астық ору машиналарына айырбастай аласыз. Сіздің ескі техникаңыз жаңа комбайнның алғашқы жарнасы есебінде бағаланады. 

Міне, осы және басқа да ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтармен бөліскен облыс әкімі экспедицияға бастама болған «Қазақстан-Заман» газетімен бұдан кейін де тығыз байланыста болатынын жеткізді. Айтпақшы, Архимед Мұхамбетов биыл мерейлі 70 жасқа толған Сәуле Мешітбайқызын құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі.

Аймақ басшысының қабылдауынан кейін сапарымыз облысымыздың бірнеше ауданында жалғасты. Оңтүстігіміздегі Арқалық, Амангелді, Жангелдин мен теріскейдегі Федоров, Қарабалық аудандарында көрген-түйгендерімізбен бөліспекпіз.

ӨРІСІ МАЛҒА, ҚОНЫСЫ ЖАНҒА ТОЛҒАН, ҚАРТ ТОРҒАЙ!

Қостанай облысына қарасты Торғай өңірін сөз еткенде көптің есіне алаш қайраткерлері Ахаң мен Жақаңның түсетіні рас. Небір жақсылар мен жайсаңдарды дүниеге әкелген өлкенің әлі күнге сайын даласы мыңғырған малға, өзен-көлі тайдай тулаған балық пен үйрек — қазға толы.  Дархандығы көл-көсір, қазақылықтың қайнарынан қанып ішкен ауыл жұртының %d1%82%d0%be%d1%80%d0%b3%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d1%8b-%d0%b0%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d0%ba%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d1%8e%d1%81%d1%82%d0%b8әдебі қандай! Ата-баба дәстүрін жетік ұстанған ағайынның құшағы да ыстық! Ілтипаты да бөлек. Жандары жайсаң жандардың ниеттерінен имандылықтың лебі еседі, шіркін. Қазақияның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық «Қазақстан-Заман» газеті, «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен «Ұлы Дала ауылы – ұлт қазынасы» экспедициясы қазыналы Қостанай өңіріне келген сапарында, шалғайдағы Арқалық, Торғай, Амангелді аудандарында  назардан тыс қалдырмады. Газет басшылығының ұйғарымымен, осы аймақтарға арнайы іс-сапармен журналисттер жіберіліп,  ел халқымен жолығып, Аманкелді ауданы әкімі Нұржан Кайыржанұлы Өтегенов және Жангелді ауданы әкімі  Асқарбек Ахметбекұлы Кенжеғаринмен жүздесіп сұхбаттасуды тапсырған болатын. Ұзақ сапардан кейін оқырмандарға шалғайдағы аудандардың бүгінгі даму қарқыны жайлы жазылған жылы сұхбатты ұсынып отырмыз.

Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегеновпен сұхбат

ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ АРҚАСЫНДА ГҮЛДЕНГЕН ӨҢІР

-Нұржан Кайыржанұлы облыс әкімінің бұйрығымен Амангелді ауданына әкім болып келгеніңізге де 5 айдың жүзі болып қалыпты. Біраз игілікті іс-шараға ат салысып жатқаныңызды естіп қуанып жатырмыз. Ұлт азаттық көтерілісінің 100 жылдығында дүркіретіп тойлатыпсыздар. Күні кеше азаттық жолында күресіп шаһит болған Кейкі батырдың  сүйегі де Ресейден елге әкелінді. Оны айтып отырған себебім Кейкі батыр Торғай даласына ерлігімен, мергендігімен аңыз болған батыр. Әңгімемізді осы рухты көтерер жаңалықпен бастасақ?

-Осыдан жүз жыл бұрын Торғай төсінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен Кейкі батырдың %d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d3%a9%d1%82%d0%b5(Нұрмағанбет Көкембайұлы) бас сүйегінің елге әкелінгенін қалың оқырман жақсы біледі. Тарихи сәттің арасын суытпай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов батыр бабамыздың туған жерінде жерлену керек екенін айтқаны белгілі. Содан бері Кейкінің жерлестері дайындықты бастап кетті. Рухани маңызы зор мәселені пысықтап қайту үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Аманкелді ауданына қарасты Тасты ауылына арнайы ат басын бұрды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қостанай облысының әкімдігі біріге отырып, Кейкі батырға арнап жаңа мазардың құрылысы бойынша қажетті шараларды қолға алуды жоспарлады. Маған да облыс әкімі біраз тапсырмалар берді. Облыс әкімінің айтуынша, жаңа кесененің құрылысы алдағы жылдың мамыр айында басталуы тиіс. Құрылыспен қатар Кейкі батырдың мүрдесін іздеу жұмыстары да жүргізіледі. Іздестіру жұмыстары тамыз айына дейін аяқталуы қажет, себебі қыркүйекте батырды жаңа кесенеге жерлейтін боламыз.

Торғай жері алаш қайраткерлері Ахаң мен Жақаңның, ұлт азаттық көтерілісінің батырлары Амангелді мен Кейкінің туған жері. Кеше ғана ұлт азаттық көтерлісінің 100 жылдығын кең көлемде атап өтіпсіздер? Осы жайлы айта отырсаңыз? Үлкен іс-шараны өткізуге қаржы көздерін қайдан алдыңыздар?

-Ұлт азаттық көтерілісінің 100 жылдығы Қостанай облысы Амангелді ауданы көлемінде кеңінен аталып өтілгенін БАҚ жарыса жазды. Іс-шаралардың өткізілу барысы жыл басында облыс әкімінің келісімімен бекітіліп, жоспарланған екен. Оған соншалықты көп өзгерістер енгізілген жоқ. Енгізілген өзгерістер тек қана Амангелді ауданы орталығын абаттандыруға ғана байланысты болды. Бас-аяғы сол жоспардың аясында жүргізілді. Мерекелік шара 16-17-18 қыркүйек күндері аталып өтілді. Ал бөлінген қаржы жайында айтсам: Облыс бюджеті көлемінен 12 млн теңге Амангелді аудандық мемориалдық мұражайдың ішкі-сыртқы жұмыстарын жөндеуге ғана бөлінді. Басқа қаржы бөлінген жоқ.

Тартылған қаржының барлығы демеушілердің есебінен болды. Атап айтсақ, ауданның сыртта жүрген кәсіпкер азаматтары шама-шарқылары жеткенше көмек қолдарын созды. Одан қалды аудан көлеміндегі егін, мал шарушылығымен айналыстан шаруа қожалықтарымен меморандум жасалды. Меморандум деген —  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген түсінік бар ғой. Осының аясында жергілікті кәсіпкерлерден 30 млн теңге жиналып, меморандумға қол қойылды.  Меморандум толық жүзеге асты. Сырттағы іскер азаматтардан 20 млн  теңгеге жуық қаржы құйылды. Сейіткенов Батыр Ералханұлы деген кісі Мерекелік шарадағы қазақ күресіне екі автокөлік тікті. Бұл екі көліктің құны 7 млн теңге. Ат бәйгесіне екі қашықтықта жүлде берілді. Топ және аламан бәйге. Қазақша күрес абсальюттік екі салмақта өтті. Кіші және үлкен түйе палуандар сайысы. Айтыс аймақтық деңгейде ұйымдастырылды. Барлығының да жүлде қорлары өте қомақты болғанын баса айтуымыз керек. Іс-шараның екінші күні Амангелдіден шыққан эстрада жұлдыздарының өнерлерін тамашалады жиналған қауым. Олардан кейін жас әнші Ернар Айдар 1 сағаттық концертін берді. Бұл шараға да жоғары да айтқан Батыр Ералханұлы демеушілік жасады. Еліміздің түкпір-түкпірінен елге танымал тұлғалар шақырылды.  Мерекені тамашалаған халықтың санына келетін болсақ, 5 мыңнан артық халық жиналды.

МАЛДЫ АСЫЛДАНДЫРУ – ПАЙДАНЫҢ КӨЗІ!

-Елдің еңсесінің көтеріліп келе жатқаны игі істерге жұдырықтай жұмылуынан аңғарылады. Облыс бюджетіне жалтақтамай, кәсіпкер азаматтардың  ел мен жердің көркеюіне үлес қосуы азаматтық іс. Осындай жақсы бастама өзге өңірлерге де жұғысты болғай!

-Бұл жағынан мақтана аламыз. Ауданда әлді азаматтар көп. Олар өз туған жерінің көркеюіне үнемі үлес қосып келеді. Мысалы аудандағы орталық стадионды айтайын. 2005 жылы бой көтерген спорт кешенінің әбден тозығы жеткен болатын.

%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-%d0%b5%d1%81%d0%ba

Облыс әкімі біздің ауданға алғашқы сапарында стадионды асарлап жөндеп іске қосуға қаржысы бар адамдарды шақырды. Көп өтпей әкімнің бастамасымен асарға асыққан аманкелділік атқамінерлер 25,8 млн.теңге жинап, нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жасады. Спорт ғимаратын және сырттағы алаңды да қалыпқа келтірді.. Футбол алаңын, жүгіру жолағын ауыстырып, көрермендер трибунасына жаңа орындықтар алдыртты. Аманкелдіктер спортқа құмар. Салауатты өмір салтын ұстанады. Оған мысал, ауданда осы уақытқа дейін нашақорлық ешқашан тіркелмеген. Қазақ күресінен бірталай палуандар шыққанын тілге тиек ете кетейін. Сондай-ақ,  Аманкелді Иманов атындағы мұражай бар ауданда. Батыр атындағы мұражайда 12 қызметкер жұмыс істейді. Тарихи жәдігерлерді сақтап тұрған ғимарат 1969 жылы салынған. Соңғы рет 2008 жылы 5 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жасалған. Қазір Аманкелді мұражайы күрделі жөндеуден  толық өтті.

-Демеушілердің көпшілігі осы ауданнан шыққан кәсіпкерлер екені ауызбіршіліктің арқасы ғой. Енді игілікті шараларға үнемі қолдау білдіріп отыратын аудандағы шаруа қожалықтарының бүгінгі жағдайларына тоқталсақ? Мал басын өсіруге бағытталған бағдарламалар діттеген мақсатына жете алып жатыр ма?

-Расын айту керек, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында ісіміз алға басып келеді. Оған себеп, аймақтағы шаруа қожалықтарының қатары еселеніп, мал басы артуда. Негізі, Аманкелді ауданы бойынша 367 шаруа қожалығы бар. Мысалы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша әуелде ірі қара санын 1325 басқа жеткізу міндеті жүктелген болатын, біз межеден асып, оны 1622-ге жеткіздік. Осының арқасында шаруалар 316 млн. 900 мың теңге көлемінде субсидия алып отыр. Бұның сыртында «Құлан», «Алтын асық» сынды жобалармен жұмыс істеп жатырмыз.

-Мал басын асылдандыру мәселесі қалай жүзеге асуда?

-Мал басын асылдандыруда аудан бойынша 19 ауылшаруашылық-өндірістік кооперативі (АӨК) құрылып, аналыққа шаққанда селекциялық-асылдандыру жұмыстарының 70 пайызы орындалды. Мысалы, Үрпек ауылында осындай үш шаруа қожалығы жұмыс істейді. Әрқайсысында 250-300-ден аналық бас ірі қара бар. 30 бас сиырға 1 бас бұқадан әкеліп, асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Ауданда, негізінен, ірі қараның айтулы бір түрі жоқ. Қарапайым қазақы сиырлар. Осы асылдандырудың арқасында Әулиекөл асыл тұқымды бұқасы, Абердин-Ангус, Қазақтың ақ бас сиыры сынды сапалы мал түрімен будандастырудамыз. Нәтижесінде малдардың салмағы өсіп, құны да арта түсуде. Бұрындары жергілікті малдың бір жасар еркек бұзаулары 100-120 келі болса, қазір 170-180 келі тартады. Жалпы, мал басын асылдандыру жобасының құрылғанына 4 жыл болды, яғни, тәжірибеміз мол, ал әлеуметтік-өндіріс копперативі ашылғанына бір жыл, осы уақыт ішінде бірлескен жоба өз жемісін берді десек артық айтқаным емес.

-Осы жерде көкейге бір сұрақ келіп тұр. Ол қарапайым халықтың ірі-қарасын асылдандыру мәселесі. Бұл жағын қалай шешіп жатырсыздар?

-Жоғары да мал басын асылдандыруда аудан бойынша 19 ауылшаруашылық-өндірістік кооперативі (АӨК) құрылғанын айтып өттім. АӨК-і құрылғалы халықтың малы бағылып, бақташылардың назарында болады. Ал, жоғалып кету, ұрлану сынды кері көрсеткіштер мүлдем кездеспейді. Айтылған мәліметтерге қарасақ, ілгері басқан жұмыстар жетерлік. Қарқынды дамып жатқан жобалар етек жая берсін дейміз. Халықтың малын баққаны үшін, асылдандыруға күш салғаны үшін мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді. Оны  АӨК жұмысшыларына жалақы, өзге де керек жарақтарына пайдаланады. Бұл оларға берілген үлкен көмек.

-Атамыз қазақ, «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген ғой. Аудан да қой шаруашылығы қалай өрістеуде?

-Қой өсіретін қожалықтар да бар. Асыл тұқымды қошқарлар әкеліп, жоғары нәтижеге жетіп жатыр. Қазір жергілікті қойлардың қозысы 15-20 келіден 30 келіге дейін ет береді. Бұның бәрі шаруалардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Ұсақ мал мәселесінің төңірегінде ойға алған бір жобамыз бар. Ол – жүн және тері өндеу. Ал біздің ауданда сол теріңді сатып алатын не өткізетін орын жоқ. Тұрғындар теріні не отқа өртеп не лақтырып жібереді. Ол дегенің қып-қызыл ақша ғой. Осыны ескеріп, бұл мәселеге көңіл бөліп отырған азаматтарды қолдау ойымызда бар. Егер зауыт ашылып жатса, тұрғындарға тиімді болары анық.

-Уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет!


Жангелдин ауданы әкімі Асқарбек Кенжеғаринмен сұхбат

«ТҮРЛІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚ КӨРУДЕ»

-Асқарбек Ахметбекұлы, Жангелдин ауданы облыстан шалғай жатқанымен, қазақылығы басым, мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Алып зауыттары мен қазба кен орындары болмаса да елдің бүгінгі тыныстіршілігінен мамыражай қалып аңғарылады? Әңгімемізді ауданның әлеуметтікэкономикалық даму қарқынынан бастасақ?

-Ең алдымен шалғай-елді мекен демей арнайы ат басын бұрып келіп жатқандарыңызға рахмет айтамын. %d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b8Жаңа жақсы айтып өттіңіз, біз кеңес кезеңінен мал шаруашылығына қолайлы аймақ саналамыз. Оған табиғаттың өзі  бар жағдайды жасаған. Жеріміз шүйгін, суымыз мол. Жем-шөп, өзге де мал азықтарын жинауға жаз мезгілі өте тиімді.  Енді сұрағыңызға оралайын.Үстіміздегі жылдың тоғыз  айының   қорытындысы бойынша  әлеуметтік-экономикалық дамудың ең негізгі  көрсеткіштерінде ілгерлеу байқалады. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуына қысқаша тоқтала  кетейін. Мысалы, өнеркәсіп өнімнің физикалық көлемі 54,7  пайызды құрап, есепті кезенде   аудандағы өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындары 58,6 млн.  теңгенің өнімін өндірді.

Кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін, былтырғы жылы 114,4 млн. теңгенің өнімін өндіріпсіздер. Биыл неге төмендеп кеткен?…

-Оның мәнісі бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  төмендеу себебі ет өнімін дайындау және  өндеумен  шұғылданатын «Ақбата-Торғай 3» ауылдық тұтыну кооперативінің  қызметі тоқтауына байланысты болып отыр барлығы. Түсінікті болу үшін айта кетейін, бәрі де қаржылық қиындықтардың кесірі ғой.

-Мұндай келеңсіздіктер, мемлекеттік бюджеттің түсіміне кері әсер етіп жатқан жоқ па?

-Олай дей алмаймын. 2016 жылдың І қазанына дейін мемлекеттік бюджетке  228 млн. 492 мың теңге салықтық төлемдер жиналды. Оның ішінде аудандық бюджеттің түсімі 162 млн. 136 мың  теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жоспары 2,1 есеге артық  орындалды. Өткен кезенмен салыстыру динамикасында 102,1 пайыздық өсім байқалды. Ал 2016 жылға жоспарланған 25 мемлекеттік сатып алу конкурстары толығымен өткізілді. Оның ішінде  3 конкурстік рәсімдер бойынша қортындысы 1 қарашаға дейін аяқталуы күтілуде.

Мемлекет басшысы экономикада кіші және орта бизнестің үлесін  арттыруға тапсырма берді.  Осы мақсатқа  иек арту үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Экономикалық белсенді халық санының 6 пайызы кәсіпкерлік құрылымында жұмыс атқаруда.

-Аудандағы негізгі бағыт мал шаруашылығы екені айтылды. Осы бағыттағы жұмыстар жайлы айта отырсаңыз?  Мәселенки, «Сыбаға», «Құлан» бағдарламаларының іске асуы қай деңгейде?

-Агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыстардын басым бағыты  салалық бағдарламалардың орындалуына  негізделгенін баса айтқым келеді. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2016 жылы 117 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға  тапсырма берілді. Оның орындалуы 188 пайызға жетіп 220 бас ірі-қара алынды.  Ал «Құлан» бағдарламасы аясында  43 бас жоспардан 30 бас сатып алынып «Зейнулин Е» жеке кәсіпкерлігі 34 бас жылқы малын сатып алу жобасы бойынша  құжаттары қаралуда. Сонымен қатар «Алтын асық» бағдарламасы шенберінде  252 бас жоспардан 384 бас алынып орындалуы 152,4 пайызға жетті. Бүгінгі күнге дейін  жеке кәсіпкерлермен, барлық шаруа  қожалықтары жетекшілерімен кездесіп, алдыға қойылған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларына қатысушыларды іздестірудеміз.

-Осы бағдарламаларды орындау барысында қандай да бір кедергілер кездесіп, жұмыстарыңыздың ілгері басуына салқынын тигізіп жатқан жоқ па?

-Жасыратыны жоқ, бағдарламалардың орындалуына кедергі жасайтын мәселе кепілдік мүліктін жоқтығы және өте төмен көлемде бағалануы. Бұл өз кезегінде қиындық туғызып отырғаны рас. 

-Мал басын асылдандыру уақыт талабы. Шаруа қожалықтарында бұл мәселе қаншалықты шешімін тапты?

-Тағы айтамын, мал шаруашылығы ауданның стратегиялық маңызды бағыты  болып табылады.  Осы салада мал басын өсіру оны асылдандыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Селекциялық және малды асылдандыруды  жүргізу мақсатында 58 шаруа қожалығы ақпараттық сараптамалық жүйесіне тіркеліп, олар  270 бас асыл тұқымды бұқамен қамтылған. Оның ішінде 173 бас асыл тұқымды бұқа 2016 жылы сатып алынды.  Бұл мәселе толық қанды орындалып жатыр дей аламын.

-Бизнесті қолдауға қатысты не айтасыз? Жалпы бұл бағдарламаға кәсіпкерлердің қызығушылығы қалай?

-«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудын бірынғай  бағдарламасының бірінші бағыты «Мемлекеттік гранттар беру» ғой. Бұл бағдарлама бойынша өңірлік үйлестіру кеңесіне  7 бастауыш кәсіпкер өтініш білдіріп жобаларын ұсынды. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес  жеке кәсіпкер «Е.Құлмагамбетов» «Ветеринарлық аптека ашу» жобасы бойынша 1,7 млн. теңге сомадағы грантты женіп алды. Қазіргі таңда жоба іске қосылып халыққа қызмет көрсетуде.    Сонымен қатар ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Атамекен-Қостанай» шағын несие ұйымына 4,9 млн.теңге құрайтын екі жоба ұсынылып мақұлданды. Екі жоба да ірі қара мал және жылқы  шаруашылығын дамытуды көздейді.

-Мемлекет халықты жұмыспен қамтуға да қаржыны аяп жатқан жоқ. Кәсіп етемін деген жанға бұл таптырмайтын мүмкіндік қой. Елдегі кәсіпкерлер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде несиеге қол жеткізе алып жатыр ма?  

-«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында  аудан кәсіпкерлері  27 млн. теңге  несие алуға сұраныс берді. Ал 10 адам 27,2 млн. теңге несие алып кәсіптерін дамытуда, оның ішінде 3 жоба  «Отбасылық мал бордақылау алаңын құру» жобасы  бойынша іске асырылды.

Аталған бағдарламаның 1 бағыты шенберінде үкімет қорынан 38 млн.937,0 мың қаржы бөлініп 6 мектеп, 1 шағын орталық,  спорт кешені және ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 27 адам жұмыспен қамтылды.

-Елбасы бір сөзінде Үкіметке алақан жая бермей, ел ішіндегі кәсіпкер азаматтармен тіл табысып, Инвестиция тартудың жаңа жолын қарастыруды әкімдерге жүктеді. Бұл шаруаның сіз басқарып отырған аудандағы бет алысы қалай? Қандай да бір жетістіктер бар ма?

-Инвестиция тарту экономиканың бәсекеге қабілетін жоғарылату және өсуін анықтайтын, ең маңызды факторлардың бірі ғой. Бұл жағынан мақтана аламыз.  Негізгі капиталға игерілген инвестиция көлемі 382 млн. теңгені құрап нақты көлем индексі 106,5 пайызға жетті. Тартылған инвестиция көлемінің  67,8 пайызы  шаруа қожалықтары мен халықтың өз қаражаты есебінен құралды.  Ол инвестицияның басым бөлігі мал шаруашылығы мен  тұрғын үй құрылысына бағытталды.       

-Басым бағыт мал шаруашылығы болғанымен, егіннен де құр алақан емес екенсіздер?

-Оныңыз рас. Күзгі егін ору жұмыстары белгіленген агротехнологиялық  мерзімде аяқталды.  Биыл 21 291  гектар жерден егін жиналды, өткен мерзіммен салыстырғанда 5,3 пайызға өсіп отыр.

-Егін ору жұмыстарына «Продкорпорация» акционерлік қоғамынан  22,5 млн теңге несие бөлініп бүгінгі күнде толығымен қайтарылды. Оның сыртында 340 тонна арзандатылған жанар-жағар маймен де көмектесті.

-Өзіңіз де білесіз, жер мәселесі әлі күнге өзекті. Сіз басқарып отырған ауданда жерді дұрыс пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары бар ма? Бар болса оларға қандай шара қолданып жатырсыздар?

            Қолдағы мәліметке сүйенсем, біздегі  125  шаруашылық субъектісі  728 401 га жерді пайдалануда, оның ішінде 121 шаруа қожалығына тиесілі жер телімі 518 937 га.  4 жауапкершілігі шектеулі серіктестікте  226 754 га жер бар.

Ағымдағы жылы жүргізілген жерді тиімді пайдалану тексерісіне сәйкес келісім шартты бір жақты бұзу арқылы  шаруа қожалықтарының 15 920 га жері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 148 272 га жер  мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысына  жер телімдерін тиімді пайдаланбаған жағдайда мемлекет иелігіне қайтарылатыны ескертіліп хат жолданды. 

-Сөз соңында аудандағы білім саласы мен медицина мекемелерінің жұмысы жайлы  қасқаша айта кетсеңіз?

2016-2017 оқу жылында  ауданымызда 2557 оқушы білім алуда. Сонымен қатар 43 шағын орталықта 705 бала,  аудандағы үш бала бақшада 205 бала  тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдармен қамту — аудан бойынша  93,7%-  пайызға жетті. Білім ұйымдары мұғалімдермен толық қамтылған, дегенмен де зейнеткерлікке шығуына байланысты биылғы оқу жылының басынан 2 математика пәні мен 2 ағылшын тілі және 1 орыс тілі мамандары жетіспейді.

Сондай-ақ, аудан көлемінде 20 медицина мекемесі халыққа қызмет жасап келеді. 14 жоғары білімді дәрігер  жұмыс атқаруда. Дәрігерлермен қамтылуы 87 пайыздық деңгейге жетті,  жыл ішінде ауданға 3 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасауға келді. Дегенмен хирург, педиатр, акушер-гинеколог жетіспейді.

-Емен-жарқын әңгімеңізге рахмет!


Экспедицияның алғашқы барған аудандары – теріскейдегі қасиетті Жаркөл елі мен атақты Мұхамеджан Сералин туған Қарабалық өңірі. Бірқатар ауыл шаруашылық нысандарын аралап, игі істер мен азаматтардың еңбегін, өзекті мәселелерді құлақпен естіп, көзбен көріп қайттық. Айтпақшы, сапарымызға «Қазақ радиосы» да қосылып отыр – облыстағы тілші белгілі ақын Нұрқанат Құлабаев бар. Жолбастаушымыз – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Әлімжан Жүсіпов. Өңірлерде бізді Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаев пен орынбасары Азамат Қашиев, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Сарин және аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары қарсы алды.

Бұған дейін Қарабалыққа бармасақ та, Федоров ауданында екі рет болдық. Бірақ бұл жолы соны жаңалықтар, жаңа кәсіпорындар, жаңа есімдер, жаңа түйткілдерді көзбен көріп келіп отырмыз. Аталған екі ауданның аймағымыздағы астықтың ең жоғарғы көрсеткішіне ие болғанын айта кетейік. Жаркөл елі әр гектардан орташа 16,3 центнерден алып, 535 мың тонна бидай бастырған болса, Қарабалық диқандары 15,7 центнерден өнім жинап отыр.

Алқабы астыққа, қойнауы малға толы Жаркөл

            Федоров ауданының жыл басынан бергі он айда жеткен жетістігі көңіл көншітерлік екен. Өңір бюджетінің кірісі 2,7 млрд. теңгеден асып жығылады. Өндіріс көлемі 2 млрд. 155,5 млн. теңгені құрап отыр. 24,8 млрд. теңгеге жуық ауыл шаруашылығының өнімі өндірілген. Ірі қара мал саны 25,7 мыңға жетіпті. Экономиканың өсуіне инвестиция тарту үлкен серпін әкелетіні сөзсіз – ауданға 3,6 млрд. теңгеге жуық капитал жинақтаушы қаржы құйылып отыр.

            Сонымен қатар, құрылыс кешендерін салу да назардан қалмақ емес. Үстіміздегі жылдың он айында 691 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Оған 1,2 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Ал ауданда орташа жалақы 83679 теңгені құрайды. «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылғалы ауданда 1,5 мың ірі қара мал сатып алынған. Бұдан бөлек, «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары да сәтті іске асырылуда.

            Мемлекеттің қолдауына ие болған кәсіпорындар ауданда аз емес. Экспедиция барған шаруашылықтардың бірі – «Алтын нан» ЖШС-не қарасты «Успенов» шаруа қожалығы. Анатолий Сергеев басқаратын серіктестік 2005 жылы егін шаруашылығы болып құрылған екен. Кейін Успенов ауылының сыртындағы тақыр жерге мал қоралар, қоймалар салына бастаған. Осыдан бес жыл бұрын аудандағы тұңғыш инвест жоба – кәсіпорынның тәулігіне 50 тонна бидай айыратын диірмен кешені пайдалануға беріліпті. Қазір облыс орталығында өз дүкені бар. Онда тәулігіне 10-12 мың ас атасы сатылады. Шаруашылықта жүзге тарта адам жұмыс істеуде. Бұның сыртында 2000 гектар жерден дәнді дақыл алады. Ауылда шеттен келген қандастар көп шоғырланған. Олардың бірқатары серіктестікте жұмыс істейді. Шаруашылық басшысы олармен аралас-құралас болып кеттік дейді.

Анатолий Сергеев «Алтын нан» ЖШС директоры:

— Қазір малды асылдандыру науқанын жүргізіп жатырмыз. Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламамен 75 асыл тұқымды ірі қара малын әкеліп, төл басын асылдандыруды қолға алдық. Қарапайым сиыр мен қазақтың ақбас бұқаларының төлін алудамыз. Қазір алғашқы  бұзауларды бордақыға қойдық. Одан басқа симментал тұқымынан да әкелдік. Бүгінгі таңда жүз сиырдан 62 бұзау алдық. Жыл аяғына дейін қалғанының барлығы бұзаулайды деп отырмыз. Алдағы уақытта мал басын 500-ге жеткізіп, мал бордақылау алаңын салсақ деген жоспарымыз бар. Біздің қазіргі жастардың көбі техника тізгіндеп, мал баққысы келмейді. Нағыз өмір ауылда. Сол себепті, кейінгі буынды нағыз қызу тірліктің ортасына келіп, еңбек етуге шақырамын. 

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d1%88%d1%81-%d0%b4%d0%b8%d1%96%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%96

            Қазір Федоров және Жаркөл ауылдарына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2007 жылдан бері жоспарланған ауыз су келіп кірмекші. Оған 1,5 млрд. теңге жұмсалған. Дегенмен Жаркөл өңірінде жоғары жақтан шешілуді қажет ететін проблемалар мен ұсыныстар да бар болып шықты.

Тәуба Исабаев, Федоров ауданының әкімі:

Бірінші мәселе – мектептердегі балалар санына қатысты. Білім саласының стандартында бес бала болса – бастауыш, 41 бала болса – негізгі орта мектеп жасақталады. Ал біздің ауылдарымыздың барлығы бірдей ірі емес, арасында кішігірім елдімекендер де бар. Мектептеріміздің 88% стандартқа жатпайды. Сол себепті, министрлік тарапынан сол 41 бала оқитын мектептердегі оқушылар санын 35-ке дейін төмендетсе деген ұсыныс айтамыз. Екіншіден, оқушысы аз ауылға мұғалімдер де тұрақтай бермейді. Айталық, бұған дейін математика мен физиканы, химия мен биологияны, тарих пен жағырапияны бір маман оқыта беруші еді ғой. Ал қазір бір оқытушы бір пәнді оқытуға ғана міндетті. Адам саны аз мектеп үшін сағат санының да қысқа болатыны белгілі. Ойлаңызшы, негізгі орта мектепке әр пәнге бола бір-бір маманнан бара қоя ма? Олардың әрқайсысына баспана қайдан табылады? Мұғалім кем дегенде бұрынғыдай қосарлас пәндерді оқытатын болса ғана тұрақтауы мүмкін. Әйтпесе, толық білім алмаған баланы ата-анасы басқа мектепке ауыстыруға тура келеді де, соңынан өздері де ауылдарын тастап, басқа жаққа көшуіне тура келеді.

Екінші мәселе – ауыз су. Біздің ауылдық жерлердің судан тарығып отырғанын жасыра алмаймыз. Аудандағы елуге тарта елдімекеннің төртеуінде ғана тіршілік нәрі бар, тоғызы сырттан тасып ішеді. Қалғандары қолдан қазылған құдыққа қауға салып отыр. Бір ғана аудан орталығына 20 шақырым жерден құбыр тартылған. Ал оған кезінде қаншама қаражат шығын кетті. Сол себепті, қазір бізде екі ауыл таза суға жаңа технология арқылы қол жеткізіп отыр. Олар жер астынан келетін тіршілік нәрін тұщытатын қондырғы орнатып алды. Қазір біз ауданның басқа да шаруа қожалықтары ауылдарына осындай жабдықтар орнатып алса деп айтып жатырмыз. Ондай жабдық елдімекендегі адам мен мал санына қарай есептеліп орнатылып береді. Орташа халқы бар ауыл үшін шамамен 50 миллион теңге тұрады екен. Әрине, барлық елдімекеннің оған шамасы жетпеуі мүмкін. Үкімет тарапы да оларға жеңілдетілген несие алу жағынан көмектессе дейміз.

Зығыр майы – түрлі ауруға ем

            Облысымызда өнімнің сирек түрімен айналысатын шаруашылықтар көп емес. Солардың бірі – зығыр майын өндіріп отырған «Жаркөл-007» ЖШС. Бастапқыда дәнді-дақыл өсіріп, шикізат саудалап келген төрт шаруа қожалығы 2010 жылы бірігіп, аталған кәсіпорынның негізін қалайды. Осы өңір зығыр өсіруге өте қолайлы болғандықтан, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан несие алып, 2012 жылдан бастап май шығаратын зауыт салыпты. Өндіріс алаңына түгелдей автоматтандырылған неміс қондырғылары орнатылған. Цехтың жылына 2000 тонна май мен 4000 тонна сықпа шығаратын қуаттылығы бар. Зауыт өнімді тапсырыс болғанда ғана өндіреді. Онда 19 адам жұмыс істегенімен, олар сол май сығатын уақытта ғана цех басына жиналады.

Майды Қостанай, Астана, Шымкент, Алматы қалалары аздап қана алатыны болмаса, негізінен шетелге экспортталады. Бұған дейін Тәжікстан, Ауғанстан, Молдова, Польша алып келген екен. Қазір тек Қытайға шығаратын болған. Себебі, олар біздің жақтың өнімінің табиғи таза екеніне көз жеткізді. Ал бізде егістіктегі зығыр өсімдігін уламайды да, табиғи таза майдың шығатыны сондықтан. Зығыр майы экологиялық тазалығы жағынан зәйтүн мен күнбағыс майынан да пайдалы әрі қышқылдығы жоғары. Егер балық майында қышқыл құрамы 30% болса, зығырда ол 50%. Және бұл майды жас нәрестеге де беруге болады. Зығыр майы 120-дан астам ауруға ем!

Зауыт басшылығы бірқатар қиындықтадың барын да жасырмады.

Владимир Заверуха, «Жаркөл-007» ЖШС директоры:

Біз алғашында несиені 11,2 (жоғары!) пайызбен 7 жылға алғанбыз. Бастапқыда өнім шығара алмай, біраз қиындықтарға тап болған едік. Ал қазір бірде-бір мемлекеттің жеңілдетілген бағдарламасына, соның ішінде төменгі пайызды несиені субсидиялауға қатыса алмай отырмыз. Неге десеңіз, «Тобыл» ӘКК қаржы ұйымына жатпайды және оның несие алушыларды мемлекеттік бағдарламаға іліктіретін лицензиясы жоқ деп түсіндірді. Әйтпесе зауытымыз шикізат өнімді қайта өңдеумен айналысатындықтан, қай жағынан да мемлекет жеңілдігіне ие болып отыруымыз керек еді.

%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%ba%d3%a9%d0%bb-007-%d0%b6%d1%88%d1%81-%d0%b7%d1%8b%d2%93%d1%8b%d1%80-%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d1%8b-%d0%b7%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%82%d1%8b

Қазір елімізде отандық тауарларға сұранысты арттыруға көп көңіл бөлініп жатыр. Неге екенін білмеймін, бірақ Қазақстанда зығыр майы аса сұранысқа ие емес. Кім білсін, мүмкін өнімнің сақталу мерзімі аса ұзақ емес (6 ай) те, ол өтпей қояды деп қашқақтайтын шығар. Бұл осы саладағы маркетингтік жүйенің жоқтығынан, сол арқылы жарнаманың аздығынан болып отыр. Әйтпесе, майдан қалған сықпаны Ресейден келіп талап алып кетеді. Әрине, біз өзіміздің таза өніміміздің шетел емес, мемлекетіміздің ішінде тарағанын қалаймыз. Мәселен, Германияда ауыл шаруашылығы министрлігі жұмысының 80 пайызын отандық тауарды ел ішіне саудалаумен айналысады екен. Сол себепті, біздің елімізде де өзіміздің өнімді саудалайтын маркетингтік  компания болу керек.

Жапан далаға жан бітірген

Ресеймен шекаралас Қарабалық ауданы үлкен күре жолдың бойында жатыр. Өңірдің экономикалық дамуы да қарқын алған. Құнарлы қара топырағы егінді молынан береді. Ал экспедиция мұндағы асыл тұқымды Зеңгі баба төлінің басын арттырып отырған екі ірі шаруашылықтың тынысымен танысып қайтты. Осыдан бес-алты жыл бұрын орманды-дала алқап бос жатты десе, сенбессіз бәлкім. Себебі, қазір бұл аралық қоршауға алынып, мыңғырған ірі қара бағылып жатқан аумаққа айналып отыр. Соның бірі Нұрболат Құтқожаев басшылық ететін «Север Агро Н» ЖШС. 7,5 мың бастан астам ірі қара ұстап отырған шаруашылықтың малы қысы-жазы далада тұрады:

— Біздің малымыз жаздың 40 градус аптабы мен қыстың қақаған 40 градусына әбден бейімделді. Қазір аналық малға сұраныс өте жоғары. Бір жасқа толған тана-торпақтарды саудаға жібереміз. Тек биылғы жылдың өзінде 1800-ден астам төл сатып отырмыз. Қарамағымызда 40 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 84 мың теңге.

«Терра» ЖШС негізінде 2013 жылы 800 бас Абердин-Ангус тұқымды ірі қара малына арналған шаруашылық құрылды. Алғашқы кезеңде 734 млн. теңге игеріліп, оған мал тұқымы мен техника сатып алынды. Жылдық қуаттылығы – 427 бас пен 60 тонна ет өндіру немесе 252 млн. теңге түсім. Сол уақыттан бері оның жұмысы да айтарлықтай нәтиже берді. Қазір «Терра» ірі асыл тұқымды шаруашылыққа айналып отыр. Оның аумағы облысымыздағы ең алғашқы бірінші деңгейлі мал бордақылау алаңы (бір мезетте 3000 бас малды жемге қояды). 40 жергілікті адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда онда 4 мыңнан астам Зеңгі төлі бар. Алда мал басын 8 мыңға, кейін 12 мыңға жеткізу жоспарда бар екен.

Арман Есмұрзин, «Терра» ЖШС басшысы:

%d1%82%d0%b5%d1%80%d1%80%d0%b0-%d0%b6%d1%88%d1%81-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%b5%d1%81%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b7%d0%b8%d0%bd%d0%bc%d0%b5— Бұзау, тайынша кезінде келген төлді бірнеше ай жемге қоямыз. Әбден бабына келгенде, басқа шаруашылықтарға, қарапайым тұрғындарға сата береміз. Қазір асыл тұқымды бір бұқаның орташа бағасы 500 мың теңге. Оны сатып алған жаққа субсидия төленеді. Біз мал етін «Қарасу-Ет» ЖШС-не тапсырамыз, олар оны экспорттайды. Негізінде малды тірідей Ресейге өткізгіміз келеді, бірақ оған рұқсат жоқ. Сойылған күйде делдалдар арқылы кетіп жатыр. Сол себепті, көрші мемлекетке тірідей асыруға қойылған кедергіні алып тастау туралы өтінішімізді министрлікке жеткізсеңіздер.

Экспедицияның «әттеген-айы»…

Биыл ұлтымыздың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толып отыр. Сол себепті, Астана, Алматыдан келген экспедиция мүшелері бабамыздың атындағы оқу ордасын айналып өтуді жөн көрмеді. Бір жағы білім шаңырағының даңқты түлектері, биология ғылымдарының докторы, академик Т.Дарқанбаев және физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Наурызбаев атындағы зертхана мен кабинеттің ашылу салтанаты өтіп жатыр екен. Оған алыстан-жақыннан ғалым жерлестеріміздің туған-туыстары мен меймандар шақырылыпты.

dscn1443

Біз мектептегі шараға барсақ, басталып кеткен екен, қонақтар кабинеттерден шығып, көпшілік залына бара жатты. Дәліз толған шәкірттер. Қарашаңырақ басшысы Галина Қарпықова меймандарды мектеп-интернаттың ішімен қазақша-орысша таныстырып барады. Байқаймыз, ана тіліне шорқақтау болса да, орысшаға келгенде су жорға екен. Бұл қонақтардың көбіне ұнамады-ау деймін, күбірлеп қояды. Дәл осы жерде Сәуле Мешітбайқызының «Айналайын, мына жерде өзге ұлт көріп тұрсыз ба? Мектептеріңіз қазақ, тілімізді түсінбей келе жатқан ешкім жоқ» дегені мұң екен, директор ханым қоғам қайраткеріне қарай оқтай атылмасы бар ма! «Меймандар арасында қазақ тілін түсінбейтіндер жүр. Жалпы, сіздерді біреу шақырды ма? Кешігіп келіп алып, билеп-төстемекшісіздер!» деді. Тіпті, ол кісі алдымда оқушыларым бар-ау деп те тұрған жоқ. Қайта, Сәуле апай кезінде білім ордасында отыз жыл ұстаздық, басшылық еткенін көрсетіп, сабырлық таныта білді, «сол аяғымен тұрған» кіші әріптесімен салғыласқан жоқ. 

Салтанатты шара басталып, залға келіп жайғастық. Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған «мінезге бай» басшы өз ана тілімізде мүдіре сөйлеп бастап еді, артынша көрші елдің тіліне көшкен кезде құйғытқан күйі қамшы салдырмай өте шықты.

Тағы бір көзімізге шалынғаны, сахнада тұрған баннердегі оқушы біткеннің ұранына айналған «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық…» өлеңі. Сондағы «Алла» сөзінің кіші әріппен жазылмайтынын бала екеш бала да білмейтін бе еді? Қайта, бұдан былай ұлы ұстаз мектебі басшылығының ана тіліміз бен бабаға деген құрметінің қаншалықты деңгейде екенін біліп жүретін болдық.  

Нағашыбай Қабылбек, Қыдырбек Қиысханұлы,

Қостанай облысы.