ТЕРРОРИЗМНІҢ ЖОЛЫН КЕСУ ОРТАҚ ІС

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмысшы тобы отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жол картасының іске асыру барысы туралы» аудандық білім бөлімінің әдіскері Бота Бетаева баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын іске асыру туралы» аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Байқадамұлының есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Жастар арасындағы діни ахуал туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мадина Прімбек толыққанды ақпарат берді.ъ


Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «ТТО объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы» аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Фархат Жанболұлы баяндап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы атқарылған жұмыстарды саралап, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы