ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚ АМАНАТЫ
Қоғамның адамгершілік деңгейі оның қарттарға деген құрметінен көрінеді. Қарттар – өмірдің ащы-тұщысын татқан, талай ұрпаққа ақыл-кеңесін беріп, елдің дамуына үлес қосқан жандар. Олардың өмір жолы – тұтас бір тарих.
Бүгінде қартаю – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның мәселесіне айналды. Қарттарға медициналық көмек, әлеуметтік қолдау және рухани жақындық қажет. Өкінішке қарай, кейбір қарттар өмірінің соңын жалғыздықта, мұңда өткізуде. Бұл – ұлт ретінде бет бұруымыз керек басты мәселе.
Қазақ дәстүрінде үлкенге құрмет – тәрбие негізі. «Қартың болса – қазынаң» деген нақыл тегін айтылмаған. Әр отбасы қарт ата-анасын қадірлеп, оларға қамқорлық көрсетуі тиіс. Бұл – тек парыз емес, ұрпақ алдындағы аманат.
Мемлекет тарапынан зейнетақы, жеңілдіктер қарастырылғанымен, рухани қолдау бірінші орында тұруы керек.
Қарттарға құрмет – өз болашағыңа құрмет. Ертең әрқайсымыз сол жасқа жетеміз. Сондықтан бұл – баршаға ортақ мәселе. Қарттарға қамқор болайық – олар біздің кешегіміз ғана емес, ертеңімізге бағыт берер шамшырағымыз.

1 қазан — Қарттар күніне орай, «Қазфосфат» ЖШС-нің әлеуметтік даму бөлімінің бастығы Жеңіс Ерасыл аудандағы 20 қарияға мерекелік азық — түлік себеттерін тартып, мерекемен құттықтап, қарттарымызға ұзақ ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов қарттарды құрметтеп, мерекемен құттықтаған кәсіпорын басшылығына алғысын білдіріп, аталық ақ батасын берді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

