«Таза Қазақстан» акциясы бойынша

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты 8 сәуір – 11 мамыр аралығында 5 апталық республикалық экологиялық акциясы Мойынқұм ауданында қарқынды өтуде.
«Таза Өлке» деп аталған алғашқы апталыққа сәйкес Мойынқұм ауданында желілік кестеге сәйкес 16 ауылдық округте тазалық жұмыстары жүргізіліп, күнделікті ауыл іші мен сыртындағы күл қоқыстар шығарылып, өртелді.
«Киелі өлке» тақырыбымен аталған нкінші аптада 16 ауылдық округтегі 24 елді мекеннің аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер айналасына тазарту жұмыстары жүргізілді. Акция аясында сенбілік бүгін де жалғасын тапты. Мойынқұм ауданында жалпы тазалық жұмыстарына 10 техника, 35 мекеме ұжымы және ауыл тұрғындары мен ауыл жастарын қосқанда барлығы 1000-ға жуық адам қатысып бүгінгі таңға дейін 7 тонна күл – қоқыс шығарылды. Акция аясында сондай ақ барлық ауылда «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» күніне орай аудан бойынша 410 түп ағаш отырғызылды.