ТӘСПІ АУДАРСАҢЫЗ, АУЫРМАЙСЫЗ! Тәспінің қасиеті мен пайдасы жайлы не білесіз?
- Жолыңыз ашылмай, жоспарларыңыз кері айналып, қатты ашуға булыққанда “Субхан Алла” деп тәспі аударыңыз. Тәспіні ұстаған адамның мінезі жайдарлы, сабырлы болады.
- Тәспі адамның қолында тұрғандықтан оны аударғанда алдымен саусақтар қиылдайды. Ал саусағы жиі қимылдайтын адамның миы тынығып, ойы жақсарады.
- Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамға тәспі аударғанның пайдасы зор. Саусақтың жиі қимылдауынан адам ағзасындағы қан айналымы жақсарып, жүрек қан тамырларының жұмысы ретке келтіріледі.
- Басбармақ мидың жұмысын жақсартады. Сұқ саусақтың жиі қимылдауы іш ауруларын басады. Ортаңғы саусақ қимылы асқаза-ішек жолдарын жақсартады. Төртінші саусақтың жиі қимылда болғаны бауырға жақсы көмектеседі. Ал кішкентай саусақтың қимылы жүрекке жақсы әсер етеді.
- Қатты сырқаттанып, мазасызданғанда тәспіні екі қолыңызға алып аударсаңыз, көңіл-күйіңіз жақсара түседі.
- Қолы немесе саусағы шығып кеткен, сынған адамдар тәспіні жиі аударатын болса, зақымданған жері тез арада іске қосылады.
- Үлкен кісілермен немесе басшылармен сөйлесерде қобалжитын болсаңыз, қолыңызға тәспі ұстап, оны аударып отырыңыз. Бұл сіздің ойыңызды тыныштандырып, орынды сөйлеуіңізге ықпал етеді.
- Тәспі аударып отырған адам көз тиюден сақтанады. Өйткені бөтен адамдар оның бойындағы ерекшеліктеріне емес, қолындағы тәспісіне назар аударады. «Ауырмаңыз!»
«Ауырмаңыз!» парақшасынан» Сурет 2018 ж. Қасиетті Меккеде Үлкен қажылықта . Алланың берген үлкен сиы бақыты

