Ағайындық – тек тойда ғана емес

Қазір ат шаптырып ас беріп, қора-қора қой сойылып, қазан-қазан ет асылып, табақ-табақ тамақ тартылатын заман болды. Ел жиналып, ет жеп, қарын тойдырып, тіс шұқып тарайды.
✅ Сонда сол астан кейін не қалады?
Астың артында шашылған күл, домаланған баклашкалар мен ұшқан целлофандар, мүжілген сүйектер, тапталған көк шөп пен шаңға айналған қара жер ғана қалады.
Ал ас өткен соң ел аузында:
✅ «Пәленшенің асына түген үй тігілді»,
«Жүз қазан асылды»,
«Үй басына пәлен теңгеден ақша жинадық, бірақ дастарқаны онша болмады, ақшасын жеп қойды-ау» деген пыш-пыш әңгіме қалады.
✅ Кейде ойлайсың: сол миллиондаған қаржыны бір күндік асқа шашқанша, ұрпаққа пайдасы тиетін іс жасасақ қайтеді?
Ағайындық – тек тойда емес, қиындықта көрінуі керек
✅ Қазір ру болып ас беру, ағайын болып ақша жинап, мейрамхана жалдап тойлау дәстүрге айналып барады.
Әрине, ағайынның бас қосып, араласып тұрғаны — жақсы нәрсе.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді.
✅ Бірақ осы бас қосулардың екінші жағын да ойланатын уақыт келген сияқты.
Себебі сол жиындарға ақшасы болмай бара алмай отырған ағайындар да аз емес.
Кейбірі ұялып айтпайды, кейбірі бармаған соң өздерін бөтен сезінеді.
Біз солардың жағдайын ұмытып кетпедік пе?
🐎 Ағайынның аты бәйгеден келсе, баласы чемпион болса, бәріміз қуанып, «біздің рудан шыққан» деп мақтанамыз.
Құттықтап, той жасап жатамыз.
✅ Бірақ өз руыңның ішінде емделуге қаржы таба алмай аурып жатқан, балаларын мектепке киіндіріп жіберуге шамасы келмей қиналып жүрген кім бар деп неге сұрамаймыз?
✅ Тағы бір мәселе — ағайынның ішінде тентек, бұзақы болып жүрген жастар да аз емес.
Неге біз оларды «сырттан біреу түзетеді» деп күтеміз?
Неге тумалас болып, ақыл айтып, жөнге шақырмаймыз?
✅ Ағайындық деген — тек торқалы тойда, топырақты өлімде ғана жиналу емес, қиналған кезде де қасынан табылып, қолұшын беру емес пе?
Сіз не дейсіз ағайын?!
Жәнібек Қожық
Маңғыстау облысы
Жәнібек Қожық Фейзбук парақшасынан алынды