Таразда ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спортынан ҚР жазғы чемпионаты басталды

18 шілдеде Тараз қаласында Б. Момышұлы атындағы » Жеңіс » саябағында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау қызметкерлеріне арналған «Тараз 2023» ерлер мен әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Чемпионаттың ашылуына құрметті қонақтар ретінде аймақ басшылығының, Ішкі саясат басқармасының, Ішкі істер департаментінің, Қорғаныс департаментінің, түрлі партиялардың, жастар ұйымдарының , Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, азаматтық қорғау қызметінің ардагерлері, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ өрт сөндіруші-құтқарушылар қатысты. Салтанатты шарада еліміздің түрлі аймақтарынан 34 команда қатысты.
Жарыс жетекшісі Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Әбсатов Әлібек Әділбекұлы облыс әкіміне Республикалық чемпионатты өткізуге дайындығы туралы баяндады.
Облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдашұлы жарысқа қатысушылар мен қонақтарды жылы қарсы алып, жазғы өрт-құтқару спортынан ерлер мен ІХ әйелдер арасында Қазақстан Республикасының ХХІХ чемпионатының ашылғанын хабарлады.
Қазақстан Республикасының өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясының директоры Дәурен Төлегенұлы Данаев өзінің құттықтау сөзінде ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жарыстың барлық қатысушыларына табыс тіледі.
Іс-шара ТЖД гарнизонының талантты қызметкерлері мен жергілікті филармония әртістерінің өнерімен жалғасты.
Жарыс 19-22 шілде аралығында төрт күн бойы отеді.
Жарыс бағдарламасына 100 метрлік кедергілерден өту, шабуыл сатысымен оқу мұнарасына көтерілу, өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю кіреді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті