ТАБЫС – ТАБАНДЫЛЫҚТА

Қордай ауылының тұрғыны жас кәсіпкер Темірхан Сқақов өз өмірінде ешкімнен көмек күтпе, әрекет ет, қиындыққа мойынсұнба деген ұстаныммен келеді. Иә, ол әлі жас, өмірі алда, дегенмен, оның құлшынысы, жігері және жетістікке жетсем деген ұмтылысы көп нәрсені байқатқандай.
Жігіт небәрі 21 жаста болса да, заман ағымына ілесуге тырысады, нарықты зерттейді, айналасында болып жатқан барлық нәрселерге қызығушылық танытады. Темірхан жастайынан еңбекке дағдыланған, бағын сан салада сынап көрген. Жанына жақын кәсібін табу арманы оны дизайнерлік өнер әлеміне әкелді. Алғашында графикалық дизайнмен айналысатын ағасын ұзақ бақылап жүрді. Ұнады және өзі де үйренді. Қазір Темірханның шағын жеке кәсібі бар. Кәсіпкер логотип жасаумен, дизайнмен, плакаттар, баннерлер, кәдесыйлар, сыйлық пакеттерін жасаумен айналысады.
-Ең қиыны — басын бастау. Менде дизайнмен айналысуға деген жалынды ниеттен басқа ештеңе болмады. Сөйтіп, ескі компьютерді жинақтап, принтер сатып алдым, менің өмірімнің жаңа тарауы осылай басталды, — дейді күлімдеп Темірхан.
Қордай ауданы