Тараз таза қала

🔰Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» тазалық апталығында «Үшбұлақ-2» жағалауының бойына 45 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
🌳Абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын республикалық қайырымдылық саласындағы құрметті марапаты бар лауреаттар мен меценаттар атқарды.
📌Сонымен қатар қаланың белсенді жастары да облыс орталығындағы игі істен шет қалмай, тазалық жұмыстарын жасады.