ҚАБЫЛДАУ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, жер, ауыз су және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелерді жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.