«Тараз» индустриялық аймағының болашағы зор

Индустриялық аймақта өндірістерді орналастыру мүмкіндігін қарастыратын, жалпы құны 43,6 млрд. теңгеден асатын және қажетті орналастыру алаңы 50,7 га болатын 14 жобадан тұратын әлеуетті қатысушылар базасы қалыптастырылды. Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту, өндіріс тиімділігін арттыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы №231 қаулысына сәйкес облыс аумағында Тараз қаласында алаңы 186,2 гектар және Талас ауданында алаңы 54 гектар Республикалық маңызы бар «Тараз» индустриялық аймағы (бұдан әрі – «Тараз» ИА) құрылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы №74 қаулысына сәйкес «Тараз индустриялық аймағы» басқарушы компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – Басқарушы компания) «Тараз» ИА басқарушы компаниясы болып анықталды.
ИА толтыру шеңберінде тұрақты негізде қатысушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні индустриалды аймақты таныстыру және тіркеу алгоритмін түсіндіру мақсатында әлеуетті қатысушылармен 11 жеке кездесу өткізілді. Олар: ЖК «Автогарант», ЖШС «Үшарал», ЖК «Бердибаев», ЖШС «Stroi Servis Expo», ЖШС «Novacom technology», ЖШС «AR Adhesion», ЖШС «KNAUF», ЖШС «FERROLABS-KZ», ЖШС «Тау» Опытно-механический завод», ЖШС «TarazClass», ЖШС «ЭТК» Казсланец».

 

Индустриялық аймақта өндірістерді орналастыру мүмкіндігін қарастыратын, жалпы құны 43,6 миллиард теңгеден асатын және қажетті орналастыру алаңы 50,7 гектар болатын 14 жобадан тұратын әлеуетті қатысушылар базасы қалыптастырылды.
Басқарушы компания индустриялық аймақ үшін техникалық шарттарды алу мақсатында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «ЖЭС» ЖШС, «Кегок» АҚ, ШЖҚ «Жамбыл Су» МКК, «Қазақтелеком» АҚ, «Таразкөлікжолы» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС және «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбыл металл конструкциялары зауыты – Имсталькон» ЖШС хаттар жолдады.
Индустриалдық аймаққа орналасатын кәсіпорындардың жоба қуаттылықтарын ескере отырып, алғашқы кезеңіне инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге шамамен 1 млрд. 264,3 млн. теңге қажет ететін болады деп болжануда, оның ішінде: электрмен қамтуға – 339,2 млн. теңге, газбен қамтуға – 201,6 млн. теңге, сумен қамтуға – 47,5 млн. теңге, кәріз құрылысы – 135,9 млн. теңге, жол құрылысы – 187,7 млн. теңге және темір жол құрылысы – 352,4 млн. теңге.
Айта кетерлігі, индустриалды аймаққа электр желілерін Оңтүстік подстанция немесе «Қазфосфат» ЖШС, газ құбырларын Төле би көшесінің соңындағы магистралды газ жүйесі, су құбырларын скважиналар арқылы және кәріз желілерін орталық кәріз жүйесіне қосу жоспарлануда. Теміржол «Қазфосфат» ЖШС-не келетін теміржолға тартылады деп қарастырылуда.
Жоба бойынша қажетті алғашқы ақпаратты алу мақсатында индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушылары үшін сауалнама жүргізілуде.
Жаңа қатысушыларды тарту және бизнес өкілдерін индустриялық аймақтың бар екендігі туралы ақпараттандыру үшін ақпараттық-имидждік материалдар әзірленді. Ресми Инстаграм аккаунты ашылып, белсенді жүргізілуде.
Сондай-ақ, ИА үшін қажетті инфрақұрылым құрылысын анықтау мақсатында «Тараз» индустриялық аймағының инфрақұрылымы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қызметіне тапсырыс берілді, 04.06.2021 жылы жеткізушімен шарт жасалды. Жұмыстарды орындау мерзімі орындалған жұмыстар актісіне сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап 3 ай.