Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне ресми түрде енді

Киелі Тараз ежелден Ұлы Жібек жолындағы қолөнер және сауда орталықтарының бірі болған. Қазақ халқының мұрасындағы өнердің бір түрі – қолданбалы өнер. Күнделікті өмірде қыш ыдыстар өндірісі, шыны құю, тоқу және киіз жасау, жібек шаруашылығын дамыту және зергерлік бұйымдар өндірісі болды. Бұйымдар жасауда шеберлер үлкен шығармашылық мұра қалдырып отырған.

✅ Бүгінгі таңда, осындай орасан зор туристік және қолөнершілік әлеуеті бар, тасын түртсе тарихы көрінетін Тараз шаһары «Қазақстандағы тарихи туризм орталығы» мәртебесіне лайықты түрде ие болып отыр.
❗️ Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгізу мақсатында, ағымдағы жылдың 30 шілдесі мен 1 тамызы аралығында қаламызға Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің 3 сарапшысы келіп, Тараз қаласының қолөнершілік және туристік потенциалымен танысты.

✅ Ағымдағы жылдың 1 қазанында Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің өкілдерімен, Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізу рәсімі өткізілді.

✅ Осылайша Киелі Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары мәртебесіне лайықты түрде ие болып, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусын алып отыр.
❗️ Айта кетейік, еліміздің бүгінгі күнге дейін бірде-бір қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізілмеген еді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі