Аудан әкімі қарияларды мерекелерімен құттықтады

1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Жаңатас қаласы мен Байқадам, Игілік, Жайылма ауылдық округтерін аралап, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлердің шаңырағына барып мерейлі мерекелерімен құттықтап, аудан әкімдігі, ауылдық округтер тарапынан азық-түлік пакеттері таратылды.

Сонымен қатар Марат Қырғызәліұлы ғасыр жасаған Өндіріс ауылының тұрғыны Бибайша Умирбаеваны құттықтап, ардагердің еңбек жолындағы өмір өткелдері бүгінгі жас ұрпаққа өнеге екендігін жеткізді.

Өз кезегінде қариялар құрмет көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, елдің амандығын, жастардың болашағының жарқын болуын тіледі.

Жалпы аудан әкімдігі тарапынан мерекеге орай әлеуметтік осал топтағы қарияларға 200-ге жуық әлеуметтік пакет үйлестірілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі