ТАЛАСТА СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздігімідің ең алғашқы жеңісі саналатын Семей полигонының жабылуы – жаһандық маңызы зор жетістігіміз. Айтулы датаны атап өту, өткен тарих беттерін жадымызда сақтау бәріміздің ортақ борышымыз.

Осы орайда, бүгін Талас ауданы, Қаратау қаласында Семей полигонының жабылғанына 31 жыл толуына орай, сынақ полигонында Отан алдындағы борышын өтеген ардагерлердің қатысуымен гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Келелі кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова қатысып, 40 жыл бойы аса қуатты қарудың жүздеген сынақтарын бастан кешірген Семей өңірінің экологиялық жағдайын айта келе, күллі адамзат баласына зор қауіп төндірген полигон зардаптарын болдырмау бағытындағы қажырлы еңбек еткен ардагерлер қауымына алғысын білдірді.
Одан әрі ардагерлер арасынан Семей ядролық сынақ полигоны аумағында ядролық жарыстардың салдарын жоюға қатысқан ардагер Әбілқас Қонарбеков сөз алып, тарих парағына өшпестей із қалдырған ядролық сынақ зардаптарынан сыр тартып, ажал отын шашқан полигонды жабу өте орынды шешім болғанын тілге тиек етті.

Жиын соңы Семей ядролық полигоны аумағында ядролық жарыстардың салдарын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынып, ескерткіш тақта алдына гүл шоқтары қойылды.

Талас аудан әкімдігі