Т. Рысқұлов ауданында ауылшаруашылығын қолдауға арналған ақпараттық жиын өтті

Жақында облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғ. Тамабектің тапсырмасына сәйкес, Т. Рысқұлов ауданында ауылшаруашылығы саласына мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін кеңінен түсіндіруге арналған ақпараттық жиын ұйымдастырылды.

Жиынға облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Болат Сағымбеков және аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов қатысты. Кездесу барысында шаруаларға арналған субсидиялау механизмдері, ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту, мал және өсімдік шаруашылығын қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ жаңа маусымдағы мемлекеттік қолдау бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

Жиын барысында жұмыс тобы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына толық жауап берді. Сонымен қатар, саладағы өзекті мәселелер талқыланып, көтерілген ұсыныстар мен сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, қажетті ақпараттар жинақталды.

Айта кетейік, аталған бағыттағы ақпараттық жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, бұл аудан шаруаларына мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.