Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 28-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық білім басқармасы басшысының 2024 жылғы 21 мамырындағы бұйрығымен Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімі басшысы қызметіне Сванов Муратбек Айтимбетович тағайындалды.
✅Сванов Муратбек Айтимбетович 1967 жылы 23 тамызда Жамбыл облысы Луговой ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетін «Тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
📌Еңбек жолы:
01.02.1988 ж. бастап № 34 М.Горький атындағы орта мектебінде мұғалім қызметін атқарған.
01.09.2008 ж. — №34 М.Горький атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
02.06.2010 ж. — Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бастығының уақытша орынбасары;
05.12.2011 ж. — Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының орынбасары;
16.07.2012 ж. — Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі;
05.11.2012 ж. бастап Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
29.09.2017 ж. – Луговой ауылдық округі әкімінің м.а.;
04.01.2018 ж. бастап Луговой ауылдық округі әкімі;
🖇️Сванов Муратбек Айтимбетұлының алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Жамбыл облысының білім басқармасы