КЕРЕМЕТ КӨЗҚАРАС…

Таңертеңгі сағат 8.00-де қарапайым киініп, әдемі иіссу сепкен 83 жастағы әйел қарттар үйіне кіріп келді…
Күйеуі жақында қайтыс болғандықтан оған осыдан басқа жол қалмаған сияқты…
Қабылдау бөлмесінде бірнеше сағат өткізген ол бөлме оған дайын болғанын айтқанда жылы күлімсіреп, орнынан көтерілді…
Лифтпен көтеріліп бара жатып, күтуші оған арналған кішкентай бөлме туралы түсіндірді…
«Керемет, маған ұнайды», — деді ол 8 жасар қыз өзінің алғашқы сыйлығын алып жатқандай қатты толқып…
«Жонс ханым, сабыр етіңіз, сіз әлі бөлмеге кірген де жоқсыз ғой», — деді күтуші:
— Онда тұрған ештеңе жоқ. Бақытты сәттеріңді сен уақыт барысында анықтайсың…
Бөлмедегі жиһаздың қалай реттелгені маңызды емес…
Менің ләззатым менің ақыл-ойымды қалай басқарғаныма байланысты…
Маған ол жер ұнайды деп баяғыда шешіп қойғанмын…
Мен күн сайын таңертең оянған кезде осындай шешімдерді қабылдаймын…
Менің таңдауым бар…

 

Денемнің нашар жұмыс істейтін бөліктерімен байланысты қиындықтар туралы ойлап күні бойы төсекте жату, немес жақсы жұмыс істейтін бөліктеріме риза болып төсектен тұру…
Көздерімның ашылуы-күн сайынғы таңғы ең үлкен сыйлық…
Мен жаңа күніме және өмірімдегі осы сәт үшін сақтаған әдемі естеліктеріме назар аударамын, қызым…
БАҚЫТ дегеніміз дәл банктің есепшоты сияқты…
Сақтаған нәрсеңді қайтарып пайдаланасың…
Естелік есепшотыңа мүмкіндігінше бақытты сақтап қой деп саған кеңес бергім келеді…
Сондай-ақ бақытты өмір сүрудің 5 қарапайым ережесін есте сақтап жүр:
1. Жүрегіңді қызғаныш, көре алмаушылықтан босат…
2. Миыңды уайымнан босат…
3. — Қарапайым өмір сүр…
4. — Көбірек бер…
5. – Аз нәрсе күт. – депті күлімсіреп…

Амантай Тойшыбайұлының фб парақшасынан