«Төртінші билік» төрге шықты

«Жрқалағаны алтын, жегені жантақ» деп Шер-ағаң – Шерхан Мұртаза мұңын мұңдап өткен журналистердің жылына бір рет мәре-сәре болып қалатын күні бар. Ол бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні. Міне, осы мерейлі мереке қарсаңында «Төртінші билік» деп дәріптелетін БАҚ өкілдері төрге шығып, құрметке ие болды.

Қасиетті жұма күні Жезқазған қаласындағы «Екі жұлдыз» мейрамханасында мысты шаһардың жылнамасын жасап жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов пен қалалық мәсртхаттың Төрағасы Раушан Қапарова қатысып, қаланың қалам ұстаған қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

– Өңірімізде болып жатқан барлық жаңалықтарды елге жеткізіп, орын алып жатқан кемшіліктердің бетін ашып, тезге салу бұқаралық ақпарат құралдыры қызметкерлерінің басты жұмысы. Осы жолда сіздер өз міндеттеріңзді абыройлы атқарып келесіздер.Сіздер билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірсіздер. Алдағы уақытта да ел мүддесі жолында жемісті еңбек етулеріңізге тілектеспіз. Айтарларыңыз ақ, жазарларыңыз тек жақсылық болсы, – деді қала басшысы Қайрат Абдоллаұлы өз сөзінде.

Бұдан соң қаланың қос басшысы бірқатар БАҚ ұжымы мен жекелеген журналистерді Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттады.

Шара басында Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшелігіне қабылданған Арайлым Ерқоңыроваға мүшелік билет пен арнайы төсбелгі салтанатты түрде табысталды.

Бұдан кейін кезек қала әкімінің дәстүрлі «Күміс қалам» жүлдесіне берілді Шахар басшысынаң арнайы сыйлығы мен «Кәсіби шеберліктеріңіз үшін» арнайы сыйақысына биыл «Ulytau» облыстық телерадиокомпаниясы, «Сарыарқа», «Мысты өңір», «Жезказганский вестник», «Подробности» газеттерінің ұжымдары ие болды.

Сонымен қатар, қаламыздың қоғамдық-саяси өмірінде белсенділік танытып жүрген үшін бірқатар журналистер мен блогерлерге Жезқазған қаласы әкімінің арнайы сыйақысы табысталды.

Салтанатты кеші Астанадан арнайы шақырылған танымал журналист, тележүргізуші, саясаттанушы Әйгерім Есенәлінің шеберлік сағатымен түйінделді.

Ізтай Белгібайұлы.