Үздіктер ұлықталды

23 маусым — Қазақстан полициясы күніне орай Жезқазған қаласының полиция басқармасының ғимаратында үздік полицейлерді ұлықтау рәсімі өтті.

Жиынға полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Абзал Жайлыбаев, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Ішкі істер орган қызметінің ардагерлері және Ұлытау облысы полиция департаментінің жеке құрамы қатысты.

Салтанатты шарада қала басшысы «Үздік учаскелік полиция инспекторы», «Үздік жедел уәкіл», «Үздік тергеуші», «Үздік қызмет инспекторы», «Үздік полицей» номинациясымен, алғыс хаттарымен бірқатар сақшыларды марапаттап, арнайы сыйлығын табыс етті.

Іс-шара Ұлытау облысы ПД-нің құрылу тарихына 1 жыл толуына байланысты «Бір жылдық белес» атты фильмі көрсетіліп, «Сақшылар» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесерімен аяқталды.

Ізтай Белгібайұлы.