Төле бидің шешендігі.

Атақты билер арқаға жиналыпты. Айтқан мезгілден Төле би кешігіп келеді. Оған шамданған қарт билер: — Төле би келсе, орнымыздан тұрмайық, — деп әуелдеседі. Бірақ Төле би келгенде орындарынан тұрып кетеді. Тек екі-үш би ғана тұрмайды. Төле
би көпшіліктен кешірім сұрайды. Әлгі тұрмай қалған билердің бірі сөзден ұту үшін сынай сұрақ қойады:
— Бақ дегеніміз не?
— Байлық дегеніміз не?
— Бала дегеніміз не?
Төле би орнына отырмай, түрегеп тұрған бойда:
Бақ — ұзатылған қыз,
Байлық — еритін мұз,
Бала — арта қалған із.
Өмірдің адамға ең жақсы сыйы —
Сыйласқан сен бен біз, — дегенде, билердің бәрі орындарынан тұрып құрмет көрсетіпті.