Бұқаралық спорт – салауатты өмір салтының негізі

Қоғамды салауатты өмір салтына тәрбиелеу өзекті мәселенің бірі.
Спорт – денсаулық кепілі», «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, спорт пен дене шынықтыру адам баласына қашанда өз пайдасын тигізген.
Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Қазіргі таңда Талас ауданында да спорт саласы өркендеп, дамып келеді.
Өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың алдын алуда мектептегі тәрбиенің маңызы зор.
Ия, әрбір адамның денсаулығы өз қолында.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.
Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
Осы тұрғыда айта кетеріміз, спорттың адамның рухани әлемі үшін де маңызы зор.
Бастысы – ниет пен «Спортпен шұғылдануға уақыт табылмай жүр» немесе «Тұрақты бет бұру үшін қаражатымыз жетпейді» деген сынды түрлі сылтаудан, еріншектік пен жалқаулықтан арылып, дене жаттығуларымен етене айналысқан абзал.
Себебі елімізде спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалған. Соның ішінде ауданымыздың әрбір бұрышынан спорттық алаңқайларды көруімізге болады.
Сондықтан әрбіріміз өз денсаулығымыз үшін күресіп, спортпен шұғылдануды қолға алуға асығайық!
Осы мақсатта ауданымызда ағымдағы жылдың қараша айының 11 жұлдызында республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» спорттық жарысының баскетбол, волейбол, гандбол, шахмат, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша ұл, қыздар арасында аудандық кезеңі бастау алды.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы