Тәуелсіздікке – тағзым

Тәуелсіздіктің мерейлі 25 жылдығына орай Сырым ауданында ұйымдастырылған салтанатты шараларға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов арнайы  келіп,  қатысты.

img_0086

Өңір басшысының орынбасары Алаш мұражайының көне жәдігерлерімен танысты. Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы  орта мектепке арнайы ат басын бұрған Марат Лұқпанұлына  Қадырдың көрмесін,Қадырдың сыныбын оқушылар таныстырды. М.Тоқжановсалтанатты түрде «Жас ұлаға» және «Жас қыран» ұйымына өткен оқушыларды құттықтап, оларға салтанатты түрде галстук пен белгі тақты.

                         img_0057   img_0080

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай кітап көрмесі,  ауданның және ауылдық округтердің егемендік жылдарындағы тынысын ауылдық округ әкімдері таныстырды. Салтанатты  мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов пен облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева қатысты. Аудан әкімі Абат Шыныбеков баяндама жасап, ауданның Тәулесіздіктің даңғыл жолында жасалып, тарих беттерінде қатталған толағай табыстары мен игілікті істерін атап, сырымдықтырды торқалы тоймен құттықтады.

                         img_0098    img_0122

Марат  Тоқжанов  Сырым ауданының халқын Тәуелсіздіктің 25  жылдығымен құттықтап, ауданның өрістеп-өркендеуіне үлесін қосқан  жандарға Президентіміздің жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін және  Батыс Қазақстан облысының «Құрмет грамотасын»  табыс етті.

                        img_0123     img_0128

Сырым ауданының әкімі А.Шыныбеков «Сырым ауданы әкімінің құрметті азаматы» атағы берілген Әнуарбек Ғалымов, Қайыржан Нұрмұханов және Құсайын Бақтиярұлын марапаттады. Сырым ауданының «Құрмет грамотасын»,  аудан әкімінің алғыс хатын  бірқатар сырымдықтарға табыс етті.

                       img_0219     img_0195

Салтанатты жиын «Тәуелсіздікке – тағзым!» атты мерекелік концертпен жалғасты.

Шынар Молданиязова