Бас Прокуратура 64 жас прокурорды анықтады

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында прокуратура органдарының жас қызметкерлерін кәсіби даярлау бойынша кезекті курстардың аяқталуына арналған салатанатты іс-шара өтті.

Академия ректоры Ұлан Байжанов өзінің алғы сөзінде оқыту іс-шарасының жас мамандардың алдағы уақытта кәсіби қалыптасуындағы  маңыздылығын атап өтті.

Бұл курстардың ерекшелігі – оқуды алғаш рет кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі бойынша конкурстан өтіп, мыңнан астам үміткердің арасынан іріктелген 64 жас қызметкердің аяқатап отырғаны, — деді Ұ.Байжанов.

Өткізілген курстардың негізгі мақсаты – жаңадан қызметке алынған жастарды қызмет жағдайларына барынша бейімдеу. Осыған сәйкес оқу бағдарламасы тәжірибе талаптарына барынша бағдарланған. Кәсіби білімді жетілдірудің мұндай әдісі тек теориялық білімді алып қана қоймай, прокурордың қызметіне қажетті практикалық дағдыларды максималды түрде игеруді қарастырады. Оқу пәндері прокуратура жүйесін және оның функцияларын білу, прокурорлық қадағалаудың бастапқы дағдылары мен икемдіктері, ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау, қызметтік құжаттарды әзірлеу, коммуникативтік қабілет, жобалық менеджменттің негіздерін игеру сияқты құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған.

Жас мамандардың қабілеттерін жан-жақты бағалау үшін алғашқы рет  «assissment center» бағалау әдісі қолданылды. Оның нәтижесі бойынша әр тыңдаушының кәсіби әлеуетіне толық баға беруге болады.

Ректор курстардың нәтижелілігі мен маңызын, жас прокурорлардың оқуға деген ынтасы мен талпынысын ризашылықпен атап өтті. Олардың әрқайсысы бұл жүйеге келуінің кездейсоқ емес екенін дәлелдеді.

Жас әріптестерінің қызметтеріне табыс тілеп, Ұлан Байжанов оларды өзінің кәсібилігін әрдайым дамытуға, қызметтік міндетін адал атқаруға, күнделікті еңбегінің арқасында прокуратураның беделін нығайтуға шақырды.

Түлектерге сертификаттар беріліп, өзін ерекше көрсеткендер алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша жас мамандармен өздерінің білімі және тәжірибесімен бөліскен Бас прокуратура мен Академияның сарапшыларына, дәріс оқыған мамандарына алғыс хаттар табысталды.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі